«Таным.Табыс.Тәжірибе». Дәл осындай атаумен орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстаздар арасында форум өтті. Оған өңірдің әр қала мен аудандарынан 400-ден астам ұстаз қатысты. Толығырақ алдағы сюжеттен көріңіз.

Облыстық форум қазақ тілін оқыту сапасын арттыру, жаңа әдістемелерді енгізу және ұстаздар арасында тәжірибе алмасу болды.Оған облыс әкімінің орынбасары, халықаралық қазақ тілі қоғамының вице-президенті мен ұстаздар қатысты. Ұйымдастырушылар форумда қазақ тілінің қазіргі жағдайы, оның оқыту үдерісіндегі орны, және орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелерін талқылады. Басты назар қазақ тілінің күнделікті өмірде қолданылуын арттыруға және балалардың тілге деген қызығушылығын оятуға бағытталды.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі таңда ең көп шоғырланған мектептердің іші бізде Павлодар қаласы. Бізде 46 мектебіміз бар, 10 мамандандырылған мектеп бар. Бірде біреуінде қазір орыс тілді оқытатын мектептер жоқ. Барлық біздің балаларға қадамдық жерде мектепке бару мүмкіндігі жасалған. Сондықтан әлі де жоспарымыз алда, бұл бағытта да жұмыстанамыз деп білем, осыны білу керек. Енді орыс мектебіне келді ме, қазақ мектебіне келді ме таңдау ата-ананыкі. Осы жерде отырған аудитория орыс мектебіндегі қазақ тілінің мұғалімдері. Сәйкесінше сіздерге сағат бөлінді, жағдай жасалды. Енді алдымызға келген, орыс мектебін таңдаған балаларымызға қазақ тілін игерту біздің міндет.

Форум барысында Астана қаласынан келген жас маман өз әдіс-тәсілдермен бөлісті. Сонымен қатар, орыс тілі мектептерінде қазақ әдебиеті пәнін оқытудың маңыздылығы, оның жастарға рухани және мәдени құндылықтарды насихаттаудағы рөлі сөз болды. Баяндамаларда қазақ тілін оқытуды жеңіл әрі тиімді ету жолдарына назар аударылды.

ЖАНАРГҮЛ САҒЫНТАЕВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ №26 ГИМНАЗИЯ МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Бүгінгі форум осымен екінші рет өтіп жатыр. «Таным,Табыс.Тәжірибе» тақырыбында өткен форумда әр мұғалімнің қозғаған тақырыбы өзекті деп ойлаймын. Өйткені ол қамтылған тақырыптардың аясы өте кең. Кез келген қатысқан ұстаз өзіңе қажетті нәрсені алып кетті деп йолаймын, себебі, жаңа технология жасанды интеллекті қолдану біздің білім сапамыздың артуына себепкер болып тұр. Біз қазіргі уақытта жасанды интелектіні, функционалдық сауаттылықты арттыруда қазіргі кездің өзіңде сабағымызда қолданып отырмыз. Алдағы уақытта бұдан да жоғары деңгейде қолданамыз деп ойлаймыз, сондықтан мұның берері мол.

Ұстаздар орыс тілі мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берудің өзіндік қиындығы бар екендігіне тоқталды. Сондықтан мұндай форум қазақ тілін оқытудың тиімді жолдарын айқындап беретінін айтты. Қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салуға мүмкіндік алды.

ДИДАР ӘДІЛЖАНОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫ №4 ЖОББМ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Қиындығы ең бірінші орта, ал екіншіден қажеттілік. Қажеттілк дегеніміз бұл бірден оқушылардың қызығушылықтарын оятып, жаңа әдіс-тәсілдер нәтижесінде қандай тиімді әдістерді қолдануға болады, сондай көп баяндамалар берілді. Танымсыз тәжірибе жинау өте қиын,тәжірибесіз табысқа жету одан да күрделі. Сондықтан бүгінгі форумның құндылығы, бірінші бөлімдегі әріптестердің сөйлеген сөздері мен тақырыптарының өзектілігі, екінші бөлімде айтылып жатқан ой-пікірлерінде деп ойлаймын.

Айта кетейік, облыстық деңгейде өткен форум орыс тілінде білім алатын мектептерде қазақ тілінің оқытылуына үлкен серпін беріп, ұстаздардың ынтымақтастығы мен кәсіби дамуындағы жаңа мүмкіндіктерді аша түсті.

Қымбат Садық