Қазір ауылда күрмеуі шешілмеген мәселе жоқ емес. Ал, онда тұратын халықтың әл-ауқаты ел дамуына тікелей әсер ететіні анық. Осы орайда «Ауыл» партиясының атқарар рөлі ерекше. Депутаттар ауыл шаруашылығын нығайтып, шалғай жатқан елдімекен жолдарының жөнделуіне үлес қосып келеді. Бұл туралы 25 жылдық мерейтой аясында өткен кеңейтілген отырыста айтылды. Толығырақ әріптесім Қымбат Садық тарқатады.
Ауыл партиясы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарып келеді. Осы уақыт ішінде партия көптеген саяси өзгерістер мен сын-тегеуріндерді еңсеріп, өз мақсаттарына жетуге ұмтылды. Партияның Павлодар облыстық филиалы да елді-мекендерді гүлдендіру, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс істеп келеді.
БОЛАТ АМАНЖОЛОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл үлкен жетістік. Ұлы жұмыс пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Таризи 25 жыл ішінде партиямыз еліміздің дамуына өз үлесін қосып, ауылдың тұрмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын қолдау, ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау жолында көптеген маңызды қадамдар жасады.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихат төрағасы да қатысты. Ардагер депуттар жиналып, өзге де партия ұжымдары құттықтау білдірді.
ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Біз «Ауыл» партиясымен бір шаңырақта отырамыз, күнделікті кездесіпте жүреміз. Соңғы уақыттарда депутаттармен бірлесе отырып, іскерлік байланысты үлкен деңгейге жеткізе алдық. Әр аудан мен ауылдардан түскен ұсыныстарды бірге талқылаймыз, және ойымызда бір жерден шығады. Неге? Өйткені біздің ортақ мақсат бар, ол өңір тұрғындарының өмірін жақсартып, дамыту. Сондықтан «Ауыл» партиясы өзі үшін қуаныштымын, 25 жылдық құтты болсын дегім келеді.
Айта кетейік, осыншама уақытта партия депуттары ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына белсенді қатысты. Ауыл шаруашылығында бірқатар түйіткілді мәселелерді шешіп, оның тиімділігін арттыруда нақты ұсыныстар жасай алды.
БЕЙБІТ БЕКЕНОВ, АУЫЛ ПАРТИЯСЫНЫҢ УСПЕН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүкіл аудандарда ауылдың мәселелері шешіледі, біз қолдаймыз. Ауылдың кәсіпкерлеріне үлкен жағдай жасалып отыр.Успен ауданының алатын болсақ шеткі ауылдардың өзіңде жолдар бар қазір. Сумен қамтамасыз етілді, Фаптар салынып жатыр қазір. Оның барлығын еліміз жасап жатқанымен, оған Ауыл партиясының қомақтай көмегінің арқасы деп ойлаймын.
Сондай-ақ, алғаш рет өңірде облыстық мәслихатта «Ауыл» партиясының депутаттарының фракциясы құрылған. Қазіргі таңда ҚР Парламент мәжілісінде партияның 8 депутаты бар, мұндағы басты қағида «Ауыл-төрге шықсын» деген тұжырым.
АЙДЫН СӘРСЕНБАЙ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ПОФ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ауыл партиясының аты айтып тұрғандай біз ең алдымен ауылдың жағдайын көтеруге мүдделіміз. 2024 жылы ауыл партиясының төртінші съезді болды Зеренді ауылында. Сонда біз жаңа бағдарлама қабылдаған болатынбыз. Яғни негізгісі ауыл тұрмысын көтеру.
Ауыл партиясының 25 жылдық тарихы — күрделі және жарқын жол. Бұл партия өзінің құрылуынан бастап ауыл халқының мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарып келеді. Алдағы уақытта да партияның қызметі ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған шараларға толы болмақ.
Қымбат Садық