Бүгін 1 сәуір –дүниежүзілік күлкі күні. Әзілге толы бұл күннің шыққан жылы мен тегі әлі күнге дейін беймәлім. Бірақ, күлкі-қалжың қазаққа жат емес. Соның бір түрі сатира жанры толғырақ алдағы сюжетте.
Сатираға жаны жақын Алпысбай Әбділұлы қарымды қаламгер.Сатираның негізгі мақсаты көрерменді күлдіріп ғана емес, ой салу дейді ақынымыз. Қазір, оның осы жанрдағы туындылары кітапхана сөрелерінің сәнін келтіріп тұр.
АЛПЫСБАЙ ХОНЖ, С.БАЯЗИТОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
әрбір қазақтың баласына күлкі деген жақын деп ойлаймын. қазақтың астарлы әзілінің астында көп нәрсе жататыны да белгілі. кезгелген қоғамның түйткелді мәселесін жеңіл ғана күлкіменен адамды ойландыруға болады. қоғамдағы кез-келген проблемалар ондағы қыжылы бар дүниелерді көрген кезде еріксіз қолыңызға қалам алып сатиралық дүниелерді жазуға тура келеді.
Сатиралық шығармалар орыс әдебиетінде 17 ғасырда дүниеге келсе, ал қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады.Өзімізге таныс Алдар Көсе, Қожанасыр сияқты юмор сүйгіш жандардың өтірік өлеңдері бойымызға ерекше эмоция сыйлайтыны тағы бар.
Дильназ Куанышбекова