Шыбын-шіркейге қарсы улау жұмыстары басталуға жақын. Биыл әуеден өңделетін аумақтың жалпы көлемі 127 мың гектардан 172 мың гектарға дейін ұлғайды. Жауапты мекеме дайындық жұмыстарын нық бастауда. Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы қолданылатын препараттың бірінші партиясы жеткізілді.

Өңірге 20 мың кг көлемінде «Бактицид» биопрепаратының бірінші партиясы жеткізілді. 2 сәуірде облыс орталығына осы препараттың тағы 20 мың кг-н жеткізу жоспарлануда. Қалған 142 мың кг препарат сәуір айының бірінші онкүндігінде жеткізіледі.

Өңделетін аумақтың ұлғайғандықтан, препараттардың да көлемі көбейді. Биологиялық дәрілер Ресейден жеткізілсе, химиялық дәрілер Еуропа елдерінен әкелінеді. Қазір дайындық қызу жүріп жатыр. Шыбын-шіркейге қарсы күрес жұмыстары үш кезең бойынша жүреді.,

Үшінші кезеңде облыстың 60 елдімекеніңде тосқауыл жұмыстары жүргізіледі. Ал, Павлодар қаалсында тосқауыл жұмыстары күнделікті Ертіс жағалауында, теміржол көпірінен, Усолкадағы бөгетке дейінгі аралықта жүргізіледі.

Жанасыл Серікбол