Әлеуметтік желіде танысып, талай сан соғып қалғандар қанша ма? Онлайн таныстықтың пайдасы мен зияны қандай? Психолог қандай кеңес айтты, Бұл жайлы толығырақ әріптесім Дильназ Куанышбекова анықтап білді.
Интернеттегі суретіне қарап адамды тану қиын. Кейде осындай кездесудің арты қайғылы оқиғамен аяқталып, кейде үлкен проблемаға айналуы мүмкін. Осы орайда Арай есімді бойжеткен өз оқиғасымен бөлісіп ағынан жарылды.
АРАЙ
Осыдан 1-2 ай бұрын мен танысу сайтында бір жігітпен танысып біршама уақыт сөйлесіп жүрдік. уақыт өте келе оның проблемалары пайда бола бастады. қарыздары көп болған соң менен онлайн кредит алып беруімді сұрады, бірақ мен бірден бас тарттым. себебі маған оның сөздері мен әрекеттерінде біртүрлі түсініксіз астар бар сияқты көрінді.
Айта кететін жайт,статистика бойынша, онлайн танысқандардың 45 пайызы белгілі бір себеппен алғашқы кездесуде-ақ көңілі қалады екен. Әрине бұл таңғаларлық жағдай емес, алдымен арбап, артынан алдап жатқандар қаншама? Ал, психолог маманның айтуынша онлайн таныстықтың жақсы да жаман жақтары да бар.
Сондай-ақ, онлайн таныстықтың теріс жағы иллюзиялық жасау яғни адамдар өзінің бойындағы жағымсыз қасиетін жасырып қалуы әбден мүмкін дейді маман. Ал бұл орайда қала тұрғындары қандай таныстықты дұрыс деп санайды? Сұрап білдік.
Онлайн таныстық заман ағымымен бірге дамып келе жатқан құбылыс. Дегенмен әр адам өз қауіпсіздігін ойлап, шынайылыққа негізделген байланыс орнатуға ұмтылғаны жөн. Сонда ғана онлайн таныстық жаңа әрі пайдалы тәжірибеге айналмақ.
Дильназ Куанышбекова