Биыл облыс орталығында 15 көшенің жолы жаңарады. Жаңа жамылғыны төсеу жұмыстары сәуір айының ортасында басталады деп жоспарланған.
Жол азабын жүрген білер демекші, бұл шаһардың өзекті түйіткілдің бірі. Талай жылдан айтылып, жазылып келеді. Жыл сайын әр көшеге асфальт төселгенімен кей аймақтардың тас жолы жөндеуді қажет етеді. Биыл 15 көшеге жаңа асфальт төселеді. Яғни, 40 шақырым жол жаңарады.
АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Бұл жолы Геринг, Машһүр Жүсіпа, Малайсары батыр, Елгина, Шевченко, Гагарина, Абая, Сұрағанова, Ермакова, Павлова, Қамзина көшелері қамтылды. Жаңарту жұмыстары сәуір айының ортасында басталады. Бұл ауа райына байланысты. Жер кеуіп, түнгі температура 10 градустан жоғары болса ғана жұмыстар басталады. больше 10 градусов.
Қар еріп, күн жылығанан кейін жүргізушілер қала ішіндегі шұрық-тесік жолдарға жиі шағымданатын болған. Шұңқырларды жөндеу жұмыстары биыл ерте басталады екен.
АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Қазір барынша тозған көшелерде, яғни Парковая, Назарбаев даңғылында, Минина, Камзина, Гагарина, Олжабай және Баян батыр көшелерінде тесіктерді жамау жүргізіледі. Асфальт жасау зауыттары ерте қосылып, жолдарды жөндеу жұмыстары әлдеқайда ерте басталды.
Айта кетейік, бүгін басталған орташа жөндеу жұмыстарында 10 жол жұмысшысы бригадасы жұмылдырылды. Аталған көшелерде қозғалыс шектеледі.
Әйгерім Тоқпанқызы