Екібастұз қаласында мас күйінде скутер жүргізген азамат ұсталды. Ол жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция патрулі Мұхтар Әуезов көшесінде Stron маркалы скутердің жүргізушісін тоқтатып, құжаттарын тексерді. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шықты. Ол медициналық куәландыруға жеткізілді. Нәтижесінде оның қанында алкогольдің бар екені анықталды. Скутер мамандандырылған тұраққа қойылды. Жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында құқық қорғау органдары мас күйінде көлік жүргізу бойынша 252 заңбұзушылықты анықтады. Бұл жағдай ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстарын жалғастыратынын көрсетеді.
Сабина Жолдаспаева