Павлодар ҚР Парламенті сенаты шахматтан ашық кубогі өтті. Іріктеу кезеңге өңіріміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам ойыншы қатысты. Толығырақ тілші сюжетінде.

2024 жылы бүкіл Қазақстан бойынша 2000-нан астам шахмат әуесқойларының қатысуымен "Senat Open" Ашық Кубогы-Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ұсынған және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов қолдаған ауқымды 3-кезеңдік жарыс аясында рапид бойынша турнирлер өтті. Ауқымды шара биыл да жер-жерде қолға алынды.

АЙГҮЛ МӘЛІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Әрине бұл шахамат ойыны терең ақыл ой мен білімділікті қажет етені спорт түрі. Ежелден келе жатыр. Өңірде жас баладан ойынға қызығушылық көп. Спортшыларға тілейтінім жеңіс. Мықтыларымыз жеңсін.

Бақ шаба ма, бап шаба ма деп ойыншылар бар күш-жігерін ортаға салды. Егде жастағы азаматтар мен қатар жастардың жарысқа қатысқаны қуантып отыр.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Осы залда екінші жыл қатарынан жиналып отырмыз. Шараға қоғам белсенділері, депутаттар, жастар қатысып отыр. Бұл барлық азаматтарды біріктіретін шара. Ең бастысы Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында бұл ғимаратта өтуі бекер емес, бір шаңырақ астында жиналып отырмыз.

Айта кетсек, облыстық кезеңнен өткен 35 ойыншы жартылай финалда бақ сынайды.

МЕЙРАМБЕК ХЫЗЫР, МАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Былтыр 100-ден астам қатысушы болған. Май ауданынан 8 адам келді. Былтыр республикалық кезеңге біздің ауданнан бір адам жолдама алған.

Қатысушылар қатарында түрлі деңгейдегі мәслихат төрағалары мен депутаттары, БАҚ өкілдері және зейнеткерлер болды.

ЗАДА ХАЙЫРГЕЛДИН, АҚСУ АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Кезінде бала кезімізде әкеміз үйреткен. Чемпионы болған кезінде. Жалпы спортпен айналыстық. Негізі былтыр бірінші рет қатыстым осындай жарыстарға жалпы мен үшін 52 орын алдым, 90 қатысушы арасында. Жана емес.

ҒАБИБОЛЛА ЕСІМОВ, ҚАТЫСУШЫ

Енді осы шахматпен жас кезден бастап ойнап келемін. Зейнеткерлікке шыққанна кейін қойдық. Биыл екінші рет қатысып отырмын. Осындай шаралардың болғаны жақсы.

Павлодарлық шахматшылар ел бойынша әрқашан үздіктер қатарында. Былтыр жерлестеріміз жүлделі орынға ие болған еді. Айта кетейік, ашық кубоктің финалы 29 тамызда Астана қаласында өтеді.

Самал Қалиқызы