Павлодар қаласының тұрғыны Ольга Лаас ұлттық «Сәтті жұлдыз» лотериясынан билет сатып алып, соңғы үлгідегі Apple iPhone 15 Pro телефонының иегері атанды. Осы және өзге де ұтыстар туралы біздің түсірілім тобы біліп қайтты.

БОТАГОЗ ТАСТАМБЕКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ «СӘТТІ ЖҰЛДЫЗ» ҰЛТТЫҚ ЛОТЕРЕЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ

- Қазір бізде 4/20 ойыны бойынша акция бар. Акцияның шарттары – 1 500 теңге сомасына 5 билет сатып алу және айфон ұтысына қатысу. Айфон әр апта сайын осы ойында ұтысқа түседі

Тағы бір рет ұлттық лотерея ұтыс ойыны қала тұрғының үлкен қуанышқа бөледі. Ол тек бір аптадан бері ойындарға қатысып келеді. «Сәтті Жұлдыз» лотереясының смартфондарға арналған қосымшасы бар екенін біліп, оған қатысуға шешім қабылдаған.

ОЛЬГА ЛААС, «СӘТТІ ЖҰЛДЫЗ» ЛОТЕРЕЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Мен ұтыс ойынын қарап шықтым, онда көлік пен айфон ұтысқа салыныпты. Сосын осы айфон ұтысына қатысуды шештім. Неге оны таңдағанымды білмеймін, бірақ маған бұйырған екен, солай ұтып алдым. Бұл мен үшін күтпеген тосынсый болды

Соңғы үлгідегі телефонды ұтып алу мүмкіндігімен қатар, ұлттық лотерея мереке қарсаңында бірнеше өзге ұтыс ойындарын да дайындаған екен.

БОТАГОЗ ТАСТАМБЕКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ «СӘТТІ ЖҰЛДЫЗ» ҰЛТТЫҚ ЛОТЕРЕЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ

23 наурызда екі пәтер ұтысқа түседі, ал 28 наурызда көлік ұтысы өтеді.Бұл акция бойынша 3 пәтер «Телебинго» ойыны арқылы ұтысқа салынады, акция шарттары бойынша 3 500 теңге сомасына 5 билет сатып алу қажет. Ал көлік ұтысы «Лото 6/49» ойынымен ұтысқа салынады, шарттары – 3 000 теңге сомасына 5 билет сатып алу 01:30 тенге

Қала тұрғыны Ольга – жаңа айфонның бақытты иесі атанды. Ендігі мақсат пәтер ұтып алу, сондықтан Ол алдағы ұтыс ойынына міндетті түрде қатысуды жоспарлап отыр.

Қымбат Садық