Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші, сазгер Асан Әбдікәрімов 70 жасқа толды. Осыған орай Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде әдеби музыкалық кеш өтті. Тілшіміз жалғастырсын.

Асан Әбдікәрімов 1955 жылы Семей облысы Ақсуат ауданында дүниеге келді. Сазгер Павлодар облысында жылдар бойы еңбек етті. Шығармашылық кезеңі жемісті болды. 1979 жылдан сөзге ән жаза бастаған. Қазір уақытқа дейін сазгердің қоржынында 120-дан астам әні бар. Көпшілігі жергілікті ақындардың сөзіне жазылған.

АЛМАГҮЛ БҰЗАУБАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ

Асан ағаның осы біздің шаңырақ орталығына қаққан қазығы мықты деуге болады. Сол кезде ашылған «Шаңырақ сазы» этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі болды. Сол кезде барлық ұлттық аспаптардың бәрін әкеліп, қаншама әндерді өңдеп, содан қазір қанашама ансамльде әндер мен күйлер бар. Осының барлығы Асан ағаның еңбегі деймін.

Бұқар жырау атындағы музейде «Өнерімді еліме арнаймын» атты Асан Әбдікәрімовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кеш өтті. Онда сазгер Аққулы аудан әкімі атынан Алғыс хатпен және аудан алдындағы сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды. Өйткені Асан Әбдікәрімов Аққулы ауданында 9 жыл еңбек етіп, аудан мәдениетінің дамуына үлес қосқан азамат.

МАХАББАТ АБУЛОВА, АҚҚУЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осы Аққулы киелі мекеннен сізге бір сәлемдемемізді әкелдік. Соны оқуды рұқсат етіңіз. Құрметті Асан ғана сізді 70 жас мерейтойыңызбен құттықтаймыз. Егемен елдің, өңіріздің мәдениет саласына қосқан үлесіңіз аса зор. Сіздің сазгерлік өнеріңіз, саналы ғұмырыңыздағы жетістіктеріңіз Ертіс Баян өңірінің басрша жұртшылығына зор мақтан. Бүгінгі мерейлі күні сізге мол табыс тілейміз. Аспаныңыз ашық, отбасыңыз берекелі әр күніңіз мерекелі болсын. Ізгі ниетпен Аққулы ауданының әкімі Руслан Берекелдіқызы Мұқанов.

Кеш барысында Асан Әбдікәрімовпен үзеңгілес, қызметтес болған азаматтар мен туған туыстары сөз алып, тілектерімен бөлісті. Ал сазгердің өзі ән жазардағы құпиялармен бөлісті.

АСАН ӘБДІКӘРІМОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ӘНШІ, САЗГЕР

Шығармашылықта енді адам өзінің шабыты келген кезде шығады ғой, сондықтан тура осылай былай деп айта алмаймын. Әр тақырыпта жазылған әндеріміз бар. Мерекеге, туған туысқа байланысты. Сондай уақыттарда шығарылып жатады әндеріміз.

Әдемі кеш Асан Әбдікәрімовтың әндерімен жалғасты.

Самал Қалиқызы