Елімізде жұ¬мыс¬шы¬лардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыт¬талған нақты шешімдер қабылданып, іске асырылып жатыр. Солардың бірі «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы еді. Қазір бағдарлама қарқын алып, өтінішітер де мақұлданып жатыр. Толығырақ алдағы сюжетте.

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы – жұмысшы мамандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан нақты қолдау, үлкен қамқорлық. Қазіргі таңда еліміз бойынша 1800-ден астам адамның өтініші мақұлданған.

МЕЙРАМ БАҒДАТОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ПОФ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

50 млрдтан астам ақшалай лимит бойынша сол заявкаларға мақұлдама алды клиенттер. Бағдарлама әлі жүріп жатыр, қашан аяқталады деген дата жоқ бізде. Бірақ та клиенттер келіп, алып жатыр, жалпы жақсы бір тенденция бар деп айтуға болады. Жалпы, Павлодарда үйлер бар. Бағдарлама бойынша, 3 жилой комплекс. Сол бірінші нарықтағы үйлерге клиенттер заявканы бере алады.Көбі Астана қаласынан алып отыр бүгінгі таңда, жалпы жақсы жүріп жатыр.

Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды. Қатысу¬шы¬ларға тұрғын үй таңдауға алты ай уақыт бері¬ле¬ді. Қазір біздің өңірдегі ірі зауыттардың жұмыскерлері өтініш беріп жатыр.

МЕЙРАМ БАҒДАТОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ПОФ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

Көбінесе бізде үлкен поток Ақсу, Екібастұздан келіп жатыр. Себебі онда ERG компаниясының жұмыскерлері мен Ақсу ферроқорытпа зауыты бар. Павлодардағы зауыттардан бар, клиенттер алып жатыр.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау үшін әзірленген «Наурыз жұмыскер» жобасы нақты жұмыс істейді. Яғни оларға тиімді бағамен тұрғын үй сатып алуға үлкен мүмкіндік бар.

Қымбат Садық