Биыл 172 мың гектар аумақта зиянкестерге қарсы биологиялық және химиялық өңдеу шаралары жүргізіледі. Осылайша, өңделетін аумақ көлемі былтырғымен салыстырғанда 25 пайызға ұлғайған. Өңірде шыбын-шіркейлерді улау жұмыстары ертерек басталыпта кетті. Толығырақ тілші материалында.

Ертіс өзені бойында былтыр қыстап шыққан шыбындар қайта тіріле бастайды. Осыған байланысты сәуір айының 9-нан бастап оларды улау жұмыстары қолға алынып отыр. Тереңкөл ауданы су қоймаларында өңдеу жұмыстары басталды. Мамандар улау жұмыстарына сақадай сай.

Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы

Егер былтырғы жылмен салыстыратын болсақ тосқауыл жұмыстарын біз мамыр айында бастағанбыз. Бүгінгі күні жоқ дегенде 1 айға артқа шегініп отырмыз. Нақты біздің жұмыстар мына үлкен су дейміз, содан басталады. Өздеріңізге мәлім ведомствоаралық комиссия өткізілді. Мына Ертістің жоғары каскадтарынан жіберілетін су мөлшері бекітілді. Осы 2025 жылға Павлодар өңірін 5.77 яғни 5.8 шаршы текше су жіберу жоспарланып отыр. Бұл кем дегенде 75 пайыз біздің Ертіс жайылмасына су жайылу керек.

 Табиғи су жіберу кезеңі 27 күнге созылады. Қазір кем дегенде 8 күн бойы секундына 3500 текше метр су жіберу талабы қойылып отыр. Ал улау жұмыстары биологиялық және химиялық өңдеу және шыбынның дернәсілдеріне қарсы баржамен өңдеу тәсілдерімен жүргізілмек.

Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы

Бактецид биологиялық аппараты қазіргі таңда партиямен келді. Ол Ресей Федерациясы, Новосибрск қаласында жасалады. Мұның шыбын-щіркелейлерден басқа, балықтарға еш зияны жоқ. Екінші химиялық препарат еуропалық байер компаниясыныкі. Осы жылдан бастап Польша мемлекетінің препараттары да қосылып отыр. Ол химиялық препараттарды мына Ертіс жайылмасы қайта су арнасына келген кезде кішігірім көлшіктер қалады ғой, осы химиялық препараттармен өңделеді мамыр айына қарай.

Биыл облыстың 60 елдімекенінде зиянкестерге қарсы тосқауыл жұмыстары жүреді. Бұл ауа температурасы тұрақтанған соң жүзеге асады. Жалпы, өңірде 172 мың гектар аумақ өңделеді. Бұл өңдеу Павлодар, Ақсу қалалары мен Ертіс, Ақтоғай, Тереңкөл және Павлодар аудандарын қамтитын болады.