30 жыл бойы география пәнінен сабақ беріп, шәкірт тәрбиелеген ұстаз ауыр сырқатпен күресіп жатыр. Ол қазір Түркиядағы ауыр әрі қымбат отаға дайындалуда. Жүрегі кең азаматтардың көмегімен керек соманың жартысы жиналған.
Танзилә Косынтаеваны №9 мектептің барлық оқушылары білері анық. Соңғы 5 жылда осында еңбек етті. Жалпы педагогика саласына 30 жылын арнады. Оның басым бөлігінде №1 мектепте істеді. Уақыт өткенмен, ұстаздың түлектері Танзиля Кәкімқызын жылы сөздермен еске алады.
Вероника Вишневская, №1 ЖОББ мектептің түлегі
Ол бізді әрқашан қолдайтын. Біз үшін уайымдайтын. Жүрегі кең адам, кейде ана махаббатына бөлейтін. Сол үшін алғысымыз шексіз. Мен сияқты оның түлекті өте көп екеніне сенемін.
Өткен жылы ұстазға бауыр циррозы диагнозы қойылды. Сондықтан қызметі - шәкірт тәрбиелеуді уақытша тоқтатты.
Танзиля Қосынтаева, Ш.Шөкин атындағы мектептің мұғалімі
Мен 2016 жылдан бері ауыра бастадым. Менде аутоиммунды гепатит, холестаз болды. Мен осы уақыт бойы бос отырмадым, дәрі іштім, нәтижесі осындай болды. Жыл сайын жағдайым нашарлай бастады.
Ауыр отаны түріктің дәрігерлері қолға алмақ.
Танзиля Қосынтаева, Ш.Шөкин атындағы мектептің мұғалімі
МРТ істеттік, горманальді дәрілердің кесірінен 3 жұлын зақымданған. Белорусь елі қабылдаудан бас тартты. Түркияға барғымыз келді, енді міне келіссөздер жүріп жатыр. Шақырды,қазір тиісті құжаттарды жинап жатырмыз.
Ота құны -30 миллион теңге. Бұл ұшуды, талдауды және оңалтуды қоспағанда. Әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Instagram-да ғы парақшаның арқасында 15 миллион теңге жиналды. Бәрінен бұрын, Танзилә Қосынтаева аман есен емделіп, бұрынғыдай оқушыларына география негіздерін оқыту үшін мектепке қайта оралуды армандайды.
Самал Қалиқызы