Павлодарда 11 жастағы 1628 қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпені алған. Қазір алғашқы дозаны алғандар үшін 6 айдан кейін екіншісін қабылдау кезеңі басталды. Толығырақ тілші материалынан көрейік.
Екпе жатыр мойыны обырының алдын алады. Елімізде дәл осы дерт әйелдар арасында дендеп тұр.. Оның негізгі қоздырғышы папиллома вирусы екені ғылыммен дәлелденген. Ал мамандар оның жұғу жолдарының басты себебін түсіндіріп берді.
Ернұр Негманов, онкологиялық диспансердің онколог-дәрігері
Адам папиллома вирусының 200-ден астам штамы бар. Оның ішінде ең көп кездесетін 4 түрі, бар, ол 6-11-16-18 штамдары. Бұлардың ағзаға әсер етуі жатыр мойны дисплазиясына және одан да ауыр дерт – жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін.Міне сондықтан осының алдын алу үшін осы вакцина жасалды. Ал вирустың жұғу жолдарына келсек, басты себеп, тығыз қарым-қатынас. Бірінші жыныстық жол арқылы жұғады. Сондықтан,мұндай қарым-қатынасқа түспеген 11 жастағы қыздардан бастап екпе салу туралы шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде дұрыс және уақытында тағайындалған ем. Яғни, вирустың таралуына, сырқаттың өсуіне жол бермейді.
Павлодарда бұл вакцина 5600 қызға салынады деп жоспарланған.Қазір 3000-нан астам қызға екпе салынды. Оның 1628-і 11 жастағы қыздарға егілген. Адам папиллома вирусына қарсы екпені егу екі кезеңнен тұрады. Яғни, алғашқы дозаны алғандар 6 айдан кейін екіншісін қабылдау кезеңінің бастады.
Ернұр Негманов, онкологиялық диспансердің онколог-дәрігері
Павлодар облысы онкологиялық аурулар көрсеткішісі бойынша төртінші орында тұр. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын бізде 2000 пайыздан астам жағдайлар кездессе, оның 5 пайызын осы жатыр мойыны обыры дерті. Бұл онкологиялық аурулардың ішінде ең көп, әрі басты назар аудартатын жағдай. Бүгінде 100-ден астам адам паиломма вирусына қарсы салынатын вакцинаны қолдап отыр. Вакцина 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі қыздарға салынады. Әрине алдымен бәрі ата-ана келісімімен жүзеге асады.
Қазір өңірде вакцинаның 7000-нан астам дозасы бар. Тамыз айында тағы 9000 –мыңы жеткізіледі. Бұл шаралардың барлығы қауіпті кеселдің алдын алу мақсатында жүріп жатыр.
Қымбат Садық