Жастар арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру аса маңызды. Өскелең ұрпақ қоршаған ортаны қорғаудың мәнін түсініп, табиғатқа ұқыптылықпен қарауды дағдыға айналдырса, нәтиже болатыны сөзсіз.

Бүгін облыс орталығында«Экобаланс: табиғатты сақтауды үйрену» атты акция өтті. Онда оқушылармен студенттер дәріс тыңдап, ойын форматында ұйымдастырылған тренингке қатысты.

Жастар-ел болашағы. Олар тек бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз етуге де үлес қосып келеді. Жастардың табиғатқа деген жауапкершілігі мен қамқорлығы маңызды, себебі олар өздерінің күнделікті әрекеттерімен әлемді өзгертудің үлгісін көрсетеді.

Гузель Капенова, Павлодар облысы «Жасыл ел» штабының менеджері

Бүгін бізде табиғатты сақтап үйренейік атты іс-шарамыз таза Қазақстан акциясы шеңберінде жасалып жатыр. Шарада жасыл қала тақырыбында жоспар жасаймыз сонымен қатар балалар лекцияны тындап экологиялық жауапкершілік жайлы көптеген сұрақтарға жауап беріп, ойындар ойнайды. Осы жоба арқылы шығармашылық және экологиялық ойлау деген қасиеттерді көрсетуге мүмкіндік беріледі.

Жоба аясында жастар қоршаған ортаны қорғау тақырыбында түрлі интерактивті тапсырмалар мен тренингтерге қатысты. Сондай-ақ, қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар да болды.

Кристина Ковалева, ерікті

Жұмыс істеп жүргеніме 3 жыл болды. Бастапқыда көшені тазалау жұмыстарымен айналыстым. Содан кейін экологиялық жасақ құрылым, менің оның капитаны болып іске кірістім. Өзіме ұнайды. Көше, аула ішін жинаймыз.

Шараға колледж студенттері, мектеп оқушылары қатысты. Олар командалық жұмыс, экологиялық квесттер және пікір алмасу сессияларына тартылды.

Елдос Нүктенов, студент

Мен шілде айында жасыл елге тіркелдім.жұмыс істеймін. Маған ұнайды деп ойлаймын. Қызықты болады деп ойлаймын, себебі әр түрлі адамдар бар бізде топпен жұмыс күтіп отырмын.

Айбеке Бекболат, №39 ЖОББМ оқушысы

Шара бізге ұнады. Жастардың патриоттық сезімін оятып, қоршаған ортаны таза ұстауға жетелейді. Біз әрдайым қатысуыға дайынбыз.

Экология – тек табиғатты сақтау ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Дильназ Куанышбекова