Облыс әкімдігінде Павлодар өңірі мен Хорватия Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Еуропалық мемлекет біздің өңірмен бірге жұмыс істеуге, әсіресе экономика саласында байланыс орнатуға қызығушылық танытып отыр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов Хорватиядан келген дипломатқа облыс әлеуетін таныстырды. Келген мейманға экспорттық мүмкіндіктері және шетелдік инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары айтылды.

Серік Батырғұжинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

Біздің өңір өнеркәсіптік өнім көлемі бойынша 4, ал өңдеу бойынша 3-орынды иеленеміз. Бұл еліміздің шикізаттық емес экспортының 9%-ын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр энергиясының 42%-ы, алюминийдің 100, көмірдің 60, ферроқорытпа 56 және отынның 32%-ы Павлодар облысының үлесінде. Жалпы алғанда, аграрлық сектор мен суармалы егіншілік дамыған. Тұрақты түрде 80 000 гектардан астам жер суарылады. Былтыр Павлодар облысы мен Хорватия арасындағы сыртқы сауда айналымы 6,9 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл өсім, негізінен, алюминий экспорты резеңке бұйымдарын импорттау есебінен болды. Екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары.

Ал дипломат өз кезегінде кездесу барысында өңірдің іскерлік қауымдастығын сәуір айының соңында Астанада өтетін Қазақстан–Хорватия бизнес-форумына қатысуға шақырды. Аталған форумға экономика саласының түрлі секторларын қамтитын 28-ден астам хорват компаниясы қатысады деп жоспарлануда.

Серік Батырғұжинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

Біз мемлекеттік қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл кездесу инвестициялық форум аясында жалғасын табады. Ауыл шаруашылығы, көлік және энергетика салалары –мемлекеттік компаниялар, жекеменшік бизнес үшін де қызықты болмақ.

 «Біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Сіздің қолдауыңызбен ұзақ мерзімді әріптестікке үміттенеміз», – деді Хорватияның Қазақстандағы елшісі -.Рефик Шабанович