Бір ай бұрын Аққулы ауданында жаңа әмбебап құтқару бөлімшесі ашылған еді. Аталмыш нысанда «Ашық есік күні» өтті. Шараға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Олар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысты.
Жаңа нысан Павлодар қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан. Шара барысында оқушылар қызметкерлердің арнайы киімдерін киіп көрді. Құтқарушылар оқушыларға жаңа үлгідегі заманауи құрал-жабдықтар мен қорғаныс киімдері таныстырды.
Жеңісбек Әбуов, Аққулы ауылы жалпы білім беру мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ең біріншіден мақсатымыз оқушылардың жаңадан салынған әмбебап өрт сөндіру бөлімімен таныстыру, техникаларымен және өрт сөндіру қару-жарақтарымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Өрт сөндіру бөлімінің классында Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясна түсуіне үгіттеу жұмыстары жүргізілді. Ең соңында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау нұсқаулары жүргізілді.
Аралау барысында балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері жөнінде нұсқаулықтар берілді. Осындай шаралар оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Сабина Жолдаспаева