Облыс орталығындағы «Jailau» фермерлік базары жанынан тағы бір нүкте ашылды. Онда қандай өнімдер сатылады? Әлеуметтік дүкендерден қарағанда баға арзан ба? Ірі фермерлік дүкен сөрелеріндегі бағаларды бағандап қайтқан тілшіміз Қымбат Садықтың әңгімесінде.
Павлодарда шаруалардың өнімін тұтынушыға тікелей сатуға мүмкіндік беретін «Jailau» фермерлік базарында сауда қызу, жұмыс қарқынды. Қала сыртында орналасқан бұл базардың қасынан жақында тағы бір жаңа нүкте ашылады. Қазір іштегі орындарға 20-дан астам кәсіпкер жайғасып үлгерген.
Арман Асипов, «Jailau» фермерлік базарының менеджері
Негізінде Жайлау базары 2022 жылы ашылған. Екі жыл жұмыс жасап, көп сұраныс болғаннан кейін жаңа зал ашылды міне 1 айдан аса. Қазір жаңа залда кәсіпкерлер тұрады, көбінесе ет өнімдері мен көкөністер , және сүт өнімі мында сатылады. Қазіргі таңда 25 кәсіпкер жаңа залға кірді. Күнде жұмыс істейміз, тек ғана дүйсенбі санитарлық күн, әр сенбі сайын облыстық жәрмеңке өткізіледі.
Қымбат Садық, тілші
Құрметті көрермен,фермерлік базар ішінде қандай да бір өнімді сатып алмастан бұрын, дәл осылай кьюар-код арқылы оның сапасын ,келісін, бағасын көруге үлкен мүмкіндік жасалған.
Арман Асипов, «Jailau» фермерлік базарының менеджері
Біздің бағалар 15-20 пайыз төмен қала бағаларына қарағанда. Өйткені біздің өндірушілер тікелей мында сатады, без посредников дегендей. Мұнда жалға алып тұрады, арендасы төмен. Кәсіпкерлерге бүкіл условия жасалған, және өздеріңе ұнайды, қазір сұраныс өте үлкен.
Қала сыртындағы базарға келушілер қазір аз. Тек демалыс күндері ғана сауда қыза түседі дейді сатушылар. Өнімдерін нарыққа қойған кәсіпкерлер бірінші кезекте тауардың сапасына мән беріп, бағаны тұрақты ұстап тұрамыз деп бөлісті.
Сәндігүл Байтокина, сатушы
Жаңа жерге келушілеріміз өте жақсы. Етіміз арзан, 2500 теңгеден жылқы етін сатып жатырмыз. Сатушылар өте кпө. Мына жаңа жеріміз өте тамаша, жарық, іші жылы, тамаша жерде сатып жатырмыз. Жайлауда сатушыларымыз үйренді. Әртүрлі мүшелерін араластырып, қосып алады. Мысалы, көбінесе жая-жақтарын алады. Жая жұмсақ ет, қазы, көбінесе осы жас малдың еттерін алады.
Айта кетейік, базардың екінші блогына ет өнімдері ауысты, сондай-ақ, азық-түлікті де арзанға алуға болады. Мұнда тек дүйсенбі тазалық күні, аптаның қалған күндерінде кешкі сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Қос өкпеден қымбатшылық қысқан заманда мұндай фермерлік базарлардағы әр тауар үлкен сұранысқа ие, Өз кезегінде бұл ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға да басымдық бермек.
Қымбат Садық