Ойнаймыз, әрі үйренеміз. Павлодарда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Birgemiz» орталығының еріктілері «Экосеруен» ойынын өткізді. Үстел ойыны еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді, дейді ұйымдастырушылар.
Ойынның шарты баршасына белгілі «Монополияға» ұқсас. Тек, карталарға бағалар мен айыппұлдар емес экологияға қатысты сұрақтар жазылған. Қатысушылар арасында мектеп оқушылары мен колледж студенттері бар. Барлығы 40 адам ниет білдірген. Осы орайда, «Экосеруен» ойыны еріктілердің авторлық идеясы екендігін айта кеткен жөн.
Милана Құлатаева, «Birgemiz» өңірлік фронт-офисінің инспекторы
«Так мы надеемся, что будет...Осылайша жастарға еліміздегі экологиялық ахуалды жеткізуге тырыстық. Олар ойын арқылы алда болуы мүмкін экологиялық қатерлерді біле алады. Кішкентай қадамдардың өзі үлкен қауіптерден сақтауы мүмкін. Мәселен, қоқысты жәшікке салмай, терезеден лақтыратындар бар. Өйткен, көп жастар одан тұрған ештеңе жоқ деп ойлайды... страшного не будет»
Ойын жастарға ғана емес, ерексектерге де арналған. 35 жасқа дейінгі әр түрлі ортада өмір сүріп жатқан тұрғындар қатысты. Ойын күрделі және жеңіл нұсқалардан тұрады.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Эковолонтер», «экодесант» сияқты жобалар арқылы сенбілік және экологиялық ағартушылық шараларын тұрықты негізде ұйымдастырады.
Жанасыл Серікбол