Ақсу қаласы маңында құрғақ шөп өртенді. Дереу шақыруға келген өрт сөндірушілер қызыл жалынның үш ошағын анықтады.
Кеше кешкісін Ақсу ауылдық аймағы маңында Ертіс өзені жайылмасы отқа орынды. Үш жерден тұтанған қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру көлігі өте алмады. Себебі техниканың ошақ нүктесіне жету үшін жол болған жоқ. Құтқарушылар қайықпен жетті.
Сабитхан Мадеев, Ақсу қаласы ТЖБ бастығы
Ақсу қаласының өрт сөндіру бөліміне ақпарат күндіз сағат төрт жарымда түсті. Өзен жайылмасы маңында кепкен шөп өртенген. Тілсіз жау Ақсу қаласы шағын аудандары маңында тұтанды. Оқиға орнына шұғыл түрде төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті құтқарушылар жұмылдырылды.
Қызыл жалын түнгі тоғыз жарымда ауыздықталды. 45 гектар аумақ отқа орында. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 55 адам және 8 бірлік техника ат салысты.
Әйгерім Тоқпанқызы