Павлодар облысында жыл басынан 4 орман өрті тіркелді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 пайызға өскен, себебі былтыр орман өрті болмаған. Одан бөлек, Павлодар облысында өрттің қауіпті кезеңі басталды. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.

Павлодар облысында 8 сәуірден бастап өрттің қауіпті кезеңі басталды. Маусымның басынан бастап мемлекеттік қорда «Ертіс Орманы» мекемесі, «Баянауыл ұлттық паркі» мекемесі және «Павлодар орман мекемесінде 2 өрт жағдайы орын алды.

Оразбек Уәлиханов, Павлодар облыстық ТЖД басқарма бастығы

Қазіргі таңда облыс аумағында 4 орман өрті тіркелген. Жалпы алаңы 31,16. Сонымен қатар 103 жану тіркелген. 7 жайылмаларда болған. Мобильді топтар құрылған. Мобильді топтар рейдтік іс шараларды жүргізуде.

Облыс аумағында орын алған өрттің негізгі себептері мыналар: өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, от жағу, сабан мен құрғақ шөпті жағу, минералданған жолақтардың болмауы. Өрт жағдайларын алдын алу және болған жағдайда шұғыл әрекет ету үшін Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментімен тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

Қайрат Шаймарденов, Павлодар облыстық ТЖД бастығының орынбасары

Сонымен қатар облыс аумағында 75 өрт сөндіру бекеті құрылды. Оларда 75 әртүрлі өрт сөндіру және қосымша техникалар бар. 200-ден астам адам онда жұмыс жасайды. Биыл тағы 1 өрт сөндіру бекеті Шарбақты ауданы, Орловка ауылында құру жоспарланып отыр.

Көктем келген бетте саяжайларда өрттің жиілеп кеткені рас. Өрт сөндірушілер бақша шаруашылықтары аумағына 27 рет шұғыл түрде баруға мәжбүр болған. Оның ішінде 12 өрт, 15 жану фактісі. Осылайша 390 саяжай учаскесі зардап шекті. Бұл жердегі басты себеп – адами фактор.

Оразбек Уәлиханов, Павлодар облыстық ТЖД басқарма бастығы

Қазіргі таңда 65-тан жеке тұлға 410 бапқа сәйкес хаттама толтырылған. Және саяжайларда жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жұмыс жалғасуда. Біздің тұрғындарымызға, қонақтарымызға қарапайым ережелерді сақтауға шақырамыз.

Осы ретте төтеншеліктер, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Әсіресе дауылды ескерту берілген күні абай болған жөн.

Самал Қалиқызы