Павлодар тұрғынының ауыр жүрек жетіспеушілігі болса да жағдайы қалыпты. Облыстық кардиологиялық орталыққа митральды қақпақшаның төртінші дәрежедегі жетіспеушілігімен түссе де қарқынды терапияның арқасында аяғынан тұрған. Оның осындай ауыр диагнозбен қалЫПТЫ жағдайда жүргеніне кореялық дәрігерлер тіпті сенбеген.
Серік Қисамединов 2023 жылдың желтоқсан айында ауыр жағдайда кардиологиялық орталыққа жеткізілген. Қарапайым айтқанде жүрегі 19 пайызға ғана істеп тұрды деуге болады. Дәрігерлер оған 10 күн бойы қарқынды терапия жүргізіп, науқастың жағдайын қалыпқа келтірді. Ол тіпті үйіне қайтып, қосымша ем алу үшін Оңтүстік Кореяға дейін барды.
Серік Қисамединов, Павлодар қаласының тұрғыны
Осында ауруханаға түскен кезімде дәрігерлер толық тексерді. Жүрегіңізге ота жасау керек деді. Мен бас тарттым. Кореяға барып жасатқым келді. Ал, ол жақтың дәрігерлері маған ешқандай мәселе жоқ. Ота жасатудың деді. Содан мен қайтадан осында келіп тексерілдім. Біздің дәрігерлер қайталдан тексерді, қазір отаға дайындалып жатырмын.
Дәрігердің айтуынша науқас терапия кезінде барлық талаптарды орындап, қажетті ем-домды уақыты қабылдап отырған. Осының арқасында ауыр жағдайынын бас көтеріп, қатарға қосылған. Десе де, жүректің құпиялары өте көп. Әрі нәзік сезім мүшесі. Сондықтан, емдеу әрмен қарай жалғасады.
Ирина Ли, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының созылмалы жүрек жетіспеушілігі бөлімінің меңгерушісі
Ем-домды уақыты, ұқыпты қабылдағынан қарамастан пациентке ота жасау қажет. Өйткені, бүлінген жүрек қақпақшасы ұзақ шыдамай, күндердің күнінде сыр беруі мүмкін. Дәл қазір ота жасауға ең оңтайлы сәт дер еді. Оның ауруханаға түскен кезіндегі жағдайында операция залына апару мүмкін емес еді. Өйткені, кез-келегн уақытта өмірі үзіліп кету қаупінде болды.
Дәрігердің айтуынша, науқастың жағдайы толыққанды жақсы. Паценттің өзі де жергілікті дәрігерлердің біліктілігіне көзі жеткендіктен ота жасатуға құлшына келісіп отыр.
Жанасыл Серікбол