Дүниеге жаңа келген сәби үшін ана сүті құнарлы әрі пайдалы. Әрі оны ешбір жасанды қоспа алмастыра алмайды, себебі оның құрамында нәрестеге қажет барлық зат бар. Ал бала емізудің тағы қандай пайдасы бар екен? Алдағы сюжеттен көрейік.

Ана сүті нәрестенің иммундық жүйесін күшейтеді. Себебі ол көптеген иммундық клеткаларға бай. Емізу баланың миының дамуына көмектеседі. Жаңа туған нәрестелерге қажетті барлық элементтерді қамтиды, оның ішінде ми мен жүйке жүйесінің дамуы үшін маңызды заттар бар. Сондай-ақ, жүрек аурулары, қант диабеті, аллергиялар және басқа да аурулардың даму қаупін төмендетеді.

Дастан Қаймолда, облыстық перинаталды орталықтың жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөліміндегі неантолог-дәрігері

Оның негізгі артықшылары ең бірінші иммундық қорғау...жұқпалы аурулардың алдын алуға зор ықпал етеді. Мерзімінде туған балалар кем дегенде 4-6 ай тек ғана ана сүтімен 7-8 ай қоректену керек.

 Қазір жас аналар сәбиін емізбей, дүкен сөрелерінде толып тұрған дайын сүттерді беріп жатады, мүның зияны да баршылық. Тіпті соңғы уақытта дұрыс емізбеудің әсерінен бала тұншығып қалып жататын жағдайлар да кездеседі. Сондықтан мамандар жас аналарға сақтық шараларын айтып, бірқатар кеңестер береді.

Ана сүтінің пайдасы маңызды. Алайда әр ана өз денсаулығына қарап шешім қабылдайды. Жаңадан дүниеге келген бала үшін теңдесі жоқ табиғи сый және денсаулығы мен ұзақ, бақытты өмір сүруінің іргетасы.

Қымбат Садық