Облыстық кітапханада Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдығына және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында оқырман конференциясы өтіп жатыр. Конференция профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімнің «Жұлдызды Жұмекен» кітабы аясында ұйымдастырылған. Толығырақ тілші тарқатады.
Биыл қазақ поэзиясының алтын сандығына өшпестей із қалдырған, ақын, Әнұранымыздың авторы Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толады. Осыған орай оқырмандар арасында оның мол мұрасын насихаттау мақсатында Ғарифолла Есімнің «Жұлдызды Жұмекен» кітабы негізінде оқырман конференциясы ұйымдастырылды.
Шолпан Байғалы, ҚР жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын
Мен жоғары оқу орынында жүрген кезде Жұмекен Нәжімеденовты көрген адаммын. Бұл кітап дер кезінде шықты, оқырмандар үшін үлкен олжа деп ойлаймын.
Конференцияға онлайн режимде ақынның қызы Әйкен Нәжімеденова мен кітап авторы қатысты. Мұнда кітаптың айтар ойы мен ақынның ғұмыр жолы туралы мол деректер айтылды. Ғарифолла Есім Жұмекеннің данышпандық, даралық құпиясын терең түсіне отырып осы кітапты жазып шыққан.
Алпысбай Хонж, Сүлеймен Баязитов атындағы балалар кітапханасының басшысы
Жұмекен Нәжімеденов қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын ақын. Оның отты жырлары лирикалық поэзиясы филофсофияға толы шығармалары көпшіліктің оқитын шығармаларына айналатыны белгілі. Тағы бір ауыз толтырып айта кетерлік дүниесі бұл біздің әнұранымыз, Менің қазақстанымның мәтінің жазған атамыз. Сондықтан осындай конференция арнау орынды деп ойлаймыз.
Оқырман қауым кітапты талқылап, авторға сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, стуленттер ойы мен сөзі, сәні мен мәні жарасқан Жұмекен ақын өлеңдерін жатқа оқып берді.
Жадыра Қайыргелдинова, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2 курс студенті
Мен Жұмекен Нәжімеденовтың «Біз өзіміз» өлеңін дайынлап келеген болатынмын. Ең алдымен мағынасы тоқталсақ, бұл өлең терең философияға толы боп табылады. Ақын бұл өлеңінде халықтың, жек адам басының тек сырттай ғана емес, сонымен қатар оның ішкі жан-дүниесін, рухани ұстануын көргенін қалайды. Жалпы бізді ойлануға, жетелеуге алып келеді.
Мерей Қабиева, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2 курс студенті
Бүгін Жұмекен Нәжімеденовтың осы конференциясына келіп, «Еске алу» өлеңін жаттап келген болатынмын, содан үзінді оқып берейін.
Жұмекен Нәжімеденов – қазақ поэзиясына өзіндік өрнегін салып келген, елдің елдігін, мұңын, қуанышы мен қайғысын бірге көтерген қазақ жырының тұңғиық ақын болып қала береді. Ал, бұл конференция мұны айқындап та берді. Айта кетейік, конференция «Бір ел, бір кітап» акциясы шеңберінде де ұйымдастырылды.
Қымбат Садық