Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өңірімізде Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбие іргетасы» фестивалі өтті. Онда 8 қала мектебі ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетті. Шараға тілшіміз де куә боп қайтты.

Этносаралық бірлік пен татулықты, қоғамдық келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Отбасы – тәрбие іргетасы» фестивалінің бұл өткізіліп жатқаны екінші бөлімі. Айта кетсек, қатысушылар жеребе арқылы өз этносы мен көрсетілетін дәстүр түрін таңдаған. Мектептер Аналар кеңесімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум бекіткен, бастама осының негізінде ұйымдастырылды.

Айта кетсек биыл фестивальге 44 мектеп белсенді қатысты. Бүгін 8 мектеп өнер көрсетті. Өнерлер арасында халқымыздың салт-дәстүірмен өзге ұлт өкілдерінің ғұрыптары насихатталды.

Фестиваль жаслғасады. Ал оның мәресі қазан айында қорытындыланады.

Салтанат Бауыржанқызы