«Майқайыңалтын» Акционерлік қоғамына жаңа бас басшы тағайындалды. Бас директорды еңбек ұжымы алдында «Алтыналмас» акционерлік қоағамның басқарма төрағасы таныстырды. Ол жаңа басшыны таныстыра отырып, кен орнының алдағы уақыттағы даму жоспарымен де бөлісті.
«Алтыналмас» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Баламир Маханов «Майқайыңатынның» алдағы уақыттағы даму бағыттары жөнінде айтты. Мәселен, кәсіпорын қалдықтарды қайта өңдеуді көздеп отыр.
Баламир Маханов, «Алтыналмас» АҚ басқарма төрағасы
Өткен жылы сіздермен қиын жағдайда кездестік. Бүгінгі кездесуіміздің жөні басқа деп ойлаймын. «Алтыналмас» Майқайыңалтынның» жүз пайыз үлесіне иелік етті. Өткен жұмадан бастап толық құқыққа ие болдық.
Жиында «Майқайыңалтын» АҚ ның жаңа бас директоры Даниал Нәбиев таныстырылды. Ол Қазақ-Британ университетінің түлегі. Ол бұның алдында «Майқайыңалтында» бес ай бойы бірінші орынбасар қызметінде болды.
Даниал Нәбиев, «Майқайыңалтын» АҚ директоры
Бізді алда жақсылықтар күтіп тұр. Даму, өндіріс көлемін арттыру жылдары болмақ. Еңбек жағдайы жақсарып, әлеуметтік жағдай дұрысталатын болады. «Майқайыңалтын» елімізге белгілі кәсіпорын. Сондықтан, барлығымыз бірлесіп, биіктерге жетеміз деген сенімдемін. Сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс!
«Майқайыңалтынның» жаңа акционерлері кәсіпорынға жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ниетті екендіктерін жеткізді.
Жанасыл Серікбол