Павлодар қаласында машина жасау колледжінде жұмысшы мамандықтар жылына орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мұнда колледж түлектері кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Сауалнама қағаздарын толтырып, түйіндеме қалдырды. Қанша азамат екі қолға бір күрек тапты? Тілшіміз толықтырып айтсын.

Колледжде 365 студент 5 техникалық мамандық бойынша білім алады. Оның 195-і мемлекеттік грант негізінде оқиды. Ұйымдастырушылар биыл 500- студент жұмысқа орналасады дейді. Бұған биыл жарияланған жұмысшы мамандықтар жылы сеп. Себебі, біздің өлке өндірісті болғандықтан, бұл білім ордасында білім алатын шәкірттер сұранысқа ие.

Арғын Мәнебаев, машина жасау колледжінің басшысы

Бүгінгі күнге біз өзіміздің кәсіп орындарымызды шақырдық. Біз балаларымыз осы кәсіп орындарда практикадан өтеді, жұмысқа орналасады. Ол кісілер бүгін келіп биылғы бітіріп жатқан түлектермен кездесіп жұмысқа шақырады. Оның ішінде былтырғы әскерден келген балалар, жұмысқа орналаса алмай қалған балаларды да шақырдық.

Сондай-ақ, металл өңдейтін кәсіпорындардың ішінде электрлі балқыту әдісін қолданатын өндіріс орындары да бар. Бұл кәсіпорындарда темір, болат және түсті металдар жоғары температурада балқытылып, дайын өнімдерге айналады. Мұндай зауыттар заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және мамандандырылған техникалық кадрларға зәру

Наталья Ковалькова, кәсіпорын өкілі

Біз студенттер мен түлектерді Жонушы, фрезерлеуші, дәнекерлеуші, станок операторы мамандықтары бойынша жұмысқа шақырамыз. Қазір өкішке қарай осы сала бойынша мамандар тапшы.

Студенттер жұмыс берушілердің еңбек шарттарымен танысып, бағдар алды. Мәселен, студент Димаш Әлайда́ров қазір ірі кәсіпорында тәжірибеден өтіп жүр. Келешекте сонда еңбек етуді жоспарлап отыр.

Димаш Әлайдаров, студент

Вакансиялар ярмаркалар жастарға мүмкіндік беріп жатыр жұмысқа тұру үшін жалпы дұрыс деп ойлаймын.себебі жастарды қолдау керек.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер студенттердің еңбек нарығына ерте бейімделуіне ықпал етеді. Шара түлектердің болашақ мансабына бағыт сілтейтін маңызды баспалдаққа айналмақ.

Дильназ Куанышбекова