Мемлекеттік қызметті қажет емес қағазбастылықтан арылту керек. Өйткені, қазір бәрінен уақыт қымбат. Бүгін мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыстық департаменті бұл бағыттағы жұмысты жеделдету мәселесін талқылады.
Азаматтар қажетсіз қағаздардың артынан сандалып, уақыттарын сарп етпеуі керек. Болмашы бөгеттер мен брократиялық кедергілер кейде уақытты көп ұрлап жататыны да рас. Осындай олқылықты оңтайландыру мәселесі бүгінгі таңда өзекті. Алдымен, мекемелер өз жұмыстарына қатысты бюрократиялық тетіктерді қалай жеңілдету керектігін ойлануы керек.
Жиынға мемлекеттік те, мемлекеттік емес те мекеме өкілдері қатысты. Басты тақырып атқарушы мекемелердің қызметін тиімді ету. Әрине, әрбір мекеменің заңдық міндеті бар. Заң негізінде азаматтардан талап етерлері де бар. Алайда, қазір уақыт өзгерді, заман жаңа келбетке енуде. Осы тұрғыда көп талапты, тіпті, нормативтік құқықтық актілерді де қайта қарау міндеті тұр.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі мемлекеттік қызметті оңтайландыру ісі бойынша тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, тұрғындардың да ұсыныс қабылдауға дайын.
Жанасыл Серікбол