Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы бірегей жәдігерлер «Ертіс» музейінде қойылды. Ең басты экспонат – «Алтын ханшайым». Көшпелі көрме 19 сәуірге дейін Павлодарда болады. Толығырақ әріптесім Байтұрсын тарқатып айтсын.
Археологтар біздің заманымызға дейін V–VІ ғасырда сармат әйелінің жерленген қабірін тапты. Қорымнан үш келіден астам алтын әшекей анықталды. Бұл бұйымдар көне зергерлердің шеберлігін және сармат мәдениетінің байлығын паш етеді. Қазір көшпелі көрме аясында Ертіс-Баян жұртшылығына ұсынылуда. Бұл жәдігерлер Павлодарға Орал қаласындағы музей қорынан жеткізілген.
Сондай ақ көрмеде күміс әшекейлердің бірнеше түрі ұсынылған. Мәселен, күміс фалералар – жылқыны сәндеу үшін арналған төс әшекей. Олар грек мифологиясындағы үшбасты химера мен мифтік Бэллерофонт бейнелерімен безендірілген. Экскурсия жетекшісінің айтуынша, бұл бейнелер көне Қазақстан мен антикалық әлем арасындағы мәдени байланыстарды, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы сияқты сауда жолдарының осы өңірден өткенін дәлелдейді.
Ажар Берікқалиева, Батыс Қазақстан облысы тарихи- өлкетану музейі директорының орынбасары
Сондай-ақ Жәңгір мен Фатиманың өзінің киген киімдерінің көшірмелері. Сонымен қатар музей қорындағы күміс жәдігерлер. Бүгінгі көрмеден орын алып тұр.
Көшпелі көрмеде 300-ге жуық жәдігер ұсынылды. Өңір тұрғындары экспозицияны р сәуірдің 19 ына дейін тамашалай алады.
Байтұрсын Жұмабай