Бүгін Екібастұз-Майқайың тасжолында 1985 жылы туған жүргізуші көлікті басқара алмай жол шетіндегі Тұз көліне түсіп кетті. Оқиға көлік доңғалағының жарылуынан болған.
Ер адам салоннан көліктің төбесіне өзі шыққан. Құтқарушылар келгенше темір тұлпардың шатыр бөлігінде отырған. Оқиға орнына дерек жеткен 112 қызметі мамандары жәбірленушіні жедел жәрдем қызметіне тапсырып, көлікті ау айдынынан алып шықты.
Қазір оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Құтқарушылар көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі тексеру маңызды екенін еске салады.
Әйгерім Тоқпанқызы