Павлодарда Жеңістің 80, Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда батыр Махмет Қайырбаевтың жауынгерлік жолы, Павлодар облысының жеңіске қосқан үлесі айтылды.

Шара даңқы батырдың еңбегі мен өмір жолынан сыр шертер көрмені тамшалаудан басталды. Көрмеге облыстық мұрағаттан алынған құнды құжаттар, батырдың жеке мұрағатынан алынған жәдігерлер қойылды. Бүгінге мирас болып қалған құнды мұралар әскери даңқ музейінде сақтаулы. Көпшілікке ұсынылған мұраларды тамашалаған қонақтар шараның негізгі бөлімі конференцияға ат басын бұрды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев батырлығымызды ұлықтау асыл парызымыз деп баса айтқан болатын. Бүгінгі кездесу жеңістің 80 жылдығы қарсаңындағы мән-мағынасы зор шара. Майдандағы ерлігі үшін 36 жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атанды. Солардың бірі Махмет Қайырбаев атамыз. Ол халқына қызмет еткен алып тұлға. Ел игілігі үшін еткен еңбекгі баға жетпес қазына. Ерен ерлігі марапаттарға ие болға, бағаланған.

Облыс әкім батырдың отбасына да құрмет білдіріп, ұлының иығына шапан жапты. Батырға құрмет көрсету, бүгігі ұрпақтың міндеті екендігін атап өтті. Артынша Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына арналған оқушылар арасындағы облыстық эссе байқауының жүлдегерлерін марапттады. Олардың қатарында Ақтоғай ауданындағы Махмет Қайырбаев атындағы мектеп оқушысы Дария Бәкібаева да бар.

Дария Бәкібаева, М. Қайырбаев атындағы ЖОББ мектебінің оқушысы

Мен Махмет Қайырбаев атындағы мектепте оқимын, Махмет Қайырбаев атындағы көшеде тұрамын. Ол кісінінің есімін кішкентай кезімнен бастап естіп өстім. Ол кісінің есімі бізге әрқашан үлгі. Даңқты тұлғаға ұқсап өсуге тырысып, әр түрлі үйірмелерге спорттық секцияларға қатысып жүрмін. Осы облыстық байқауға қатысып, жеңімпаздар қатарында болғаным үшін аса қуаныштымын.

Соғыс жылдары барша қазақ даласы фашизмнен төнген қауіпке қарсы қайықпай күресті. Ұлы даланың жау жүрек ұлдары ерлік даңқын бұл жолы да асқақтата білді. Майдан кезеңі аса ауыр болса да Павлодар облысының ұландары елге, жерге еңбек етті. Жеңіске жан-жақты үлес қосты.

Махмет Қайырбаевты зерттеу, жауынгерлік жолына үңілу бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан маңызды жұмыстардың бірі. Бұған әскери даңқ музейінің қызметкерлері мен өзгеде зерттеушілер ат салысуда.

Шара барысында өзге де зиялы қауым өкілдері мен тарихшы ғалымдар батырдың ерлігі мен еңбегі жайлы кеңінен тоқталды.

Жанасыл Серікбол