Баспана мәселесі қашанда өзекті, әсіресе соңғы жылдары нарықтағы өзгерістер мен бағаның өсуіне байланысты бұл тақырып маңыздылығын жоғалтқан емес. Бұл тақырып «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңес отырысында қаралды. Толығырақ алдағы материалдан көрейік.
«AMANAT» партиясының облыстық кеңесі құрамында 22 адам бар. Қазір үй алу оңай болып көрінгенмен, мәселенің мәні қаражатқа келіп тірелетіні анық. Түрлі бағдарламаларға қатыса салып, үй алу да оңай болып тұрған жоқ. Міне, осындай мәселелерді кеңеске жиналғандар талқылады.
Жүсіп Мерғали, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы
Біздің кеңесте Отбасы банк, ақпарат және даму басқармасы болды...Бізде кеңесте блогерлер көп, оларда ақпараттандыру жұмыстарымен айналысатын болады. Және жастар бастамаларын дамыту орталығы осы жұмысына қатты кіріскен. Қазір мүмкіндіктер өте көп. Жаңа мемлекеттік органнан келген әріптестер атап айтып өтті. Егер сіздің баспанаңыз болмаса, бірініші первоначальный взнос дейді ,сол 10 пайызбен қолжетімді баспанаға қол жеткізуге болады.
Жастар және отбасы ісі жөніндегі маманның айтуынша, 2023 жылы тұрғын үй мәселесімен шамамен бес мың адамға консультация берілсе, ал үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 9 000-нан асқан. Оның пікірінше, жастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандырумен қатар, оларға жинақтау мәдениетін де үйрету қажет.
Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы ісі жөніндегі бөлім басшысы
Жалпы мемлекет тарапынан мемлекеттік бағдарламалар жасалып жатыр. Жастарға қандай қолайлы жағдайлар жасалып жатыр, бүгінгі күнді саралап , ертеңгі күнде жетістікке жету үшін тиімді пайдаланып, сапалы іске асыруда механизмдер қарастырылып өтті. Жастар кеңестер тарапынан өздерінің ынталарын, қызығушылықтарын білдірді. Себебі, кеңесте екіжақты сұрақ-жауап, диалог алаң қалыптасты.
Мәселен, қала жастарының бірі Толқынай Абдуллавна Успен ауданында 3 жылдан аса уақыт тұрған. Ол «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы үй іздеген, бірақ көбінің сапасы төмен. Кеңесте ол сол ескі үйлер мәселесін көтерді.
Толқынай Абдуллаева, Павлодар қаласының тұрғыны
Біздің қоғамның өзекті мәселесінің бірі баспанамен қамтамасыз ету. Осы бағдарламалардың бірі «Дипломмен ауылға» арқылы алынатын үйлердің қазір жағдайы өте нашар. Өйткені осыдан 1-2 жыл берілген үйлер 6 млн болса, қазір біз 9 млнға сатып алып жатырмыз. Өйткені ол ескі үйлер, жаңа үйлер ауылда мүлде салынып жатқан жоқ. Соған байланысты үсыныс білдірдім: мен жаңа үйлер салынсын, болмаса Дипломмен ауылға алынатын условияларын өзгертсе деген . Өйткені біз ескі үйлерде сатып алып жатырмыз, ал ол сол к.йі қалады. Сондықтан ауылға қызметші маамандардың жетіспеушілігі әлі де бар, егер біз жаңа үй салса, ауылға барып жұмыс істейтін жастардың саны көбейетін еді.
Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің мәліметіне сүйенсек,қазір тұрғын үй кезегінде шамамен 16 000 адам тұр. Соңғы үш жылда әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйді 640 павлодарлық алды, әлеуметтік-кредиттік тұрғын үй бойынша былтыр 280, биыл 180 адам қол жеткізді.
Қымбат Садық