Қазақстанның Бірінші лига командалары арасындағы футбол чемпионатының екінші турында «Ертіс» құрамасы Ақтөбеде жергілікті жастар командасына қарсы ойнады. Бұл матч біздің жерлестер үшін қалай өтті? Алдағы сюжеттен көрейік.
«Ертіс» қатарынан екінші жеңісіне жетіп, бірінші лига кестесінде көш бастады. Сырт алаңда команда бас бапкері Қайрат Нұрдәулетовтің ойыншылары алғашқы ойын өткізді. Алаң иелері — «Ақтөбе-М» командасы өз ойынын тартысты бастаса, біздің футболшылар алғашқы минуттарды ойынды қарқынды бастауға асықпады.
Осылайша тек 51-минутта «Ертіс» есеп ашты. Ойыншы Анатолий Красотиннің айып добын қорғаушы Даниил Нырков бұрыштамадан орындалған соққыны қақпаға дәл кіргізді. Арада 7 минут өткен соң, «Ақтөбе» жастарының ойыншысы Дидар Оңғарбаев екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал «Ертіс» есепті ұлғайту үшін бірнеше сәтті шабуылдар жасады, алайда матч соңына дейін есеп 1:0 болып қалды. Ақтөбедегі жеңістен кейін «Ертіс» Ақтаулық «Каспиймен» бірге 6 мүмкін ұпайдың 6-ын жинап, көш бастады. Дегенмен, Астаналық «SD Family», Өскемендік «Алтай-Өскемен» және Қарағандылық «Шахтёр» екінші тур ойындарын бүгін өткізетін болады. Ал, келесі жұма, 25 сәуір күні «Ертіс» өз алаңында алматылық «Қайрат-Жастар» командасын қабылдайды.
Қымбат Садық