Павлодарда студенттер саябақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілік шарасына 100-ге жуық білім алушы қатысты. Олар өздері оқитын оқу орнының ауласынан бастап қаладағы саябақтарға абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Мақсат шаһарды тазалау арқылы жастарды еңбексүйгіштікке, Отансүйгіштікке баулу. Әрі жас ұрпақты қоршаған ортаны таза ұстауға үйрету. Шараға «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы мұрындық болды. Бұл Мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Бәкіжан Кәкім, қоғам белсендісі
Бізде «Таза Қазақстан» акциясы бойынша тазалық жұмыстары жылда ұйымдастырылады. Бұл тек университет ауласында ғана емес, қала сыртына да шығып жатамыз. Ең бір проблемалық тұстарға түсеміз. Ол жолдың жиектері болады, саябақтар ең бір проблемалық жерлерге үнемі жіберуге тырысамыз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында бастауыш партия ұйымдары ғана емес, «Жастар рухы» да, жастар ұйымдары да қатысып жатады. Сондықтан бұл елді біріктіретін тамаша акциялардың бірі деп санаймын.