Қазір қоғамда бала ата-анамен емес, гаджетпен сырласады. Мұғалім емес, ғаламтор желісінен ақыл сұрайды. Бүгінгі күннің ащы шындығы. Павлодар қаласында өткен форумда дәл осы мәселелер көтерілді. Дарынды ер балаларға арналған лицей-интернатында өткен жиынға ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Форумды белгілі ұстаз, тарихшы, 2021 жылы жарыққа шыққан «Балалықтан даналыққа» кітабының авторы Сейілбек Мырзабай ұйымдастырды. Шара барысында автор өз кітабындағы негізгі ойлар мен ұсыныстарын таныстырды. Оның еңбегінде бала тәрбиесіне, ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған тәжірибелер қамтылған.
Сейілбек Мырзабай, «Балалықтан даналыққа» кітабының авторы
Біз 10 жыл бойы лагерь жүргіздік, бала тәрбиеледік. Сонда балалар енді қазіргі таңда смартфонға жұтылып өсіп бара жатыр ғой. Сосын күннен күнге оқуға зауқы жоқ, сабаққа құлқы жоқ балалар өсіп бара жатыр. Қандай қателектерден болады, мына лаготерапия деген ғылым бар. Вена қаласында, Виктор Франкл негізін қалаған. Сол кітаптың негізінде біз балаларды тәрбиелеп өсіргенбіз осы лаготерапия ілімі бойынша. Соны бүгін ата-аналарға, ұстаздарға таныстырамыз. Мынадай мәселе бар, біз ескерілмейтін деп. Себебі біздің лагерьге келген 100 бала проблема деп алатын болсақ, оның 90 пайызы ата-ананың қателігінен болады. Қандай қателік дегенде-редукционистік, детерминистік деп аталады бұл ғылыми терминде. Яғни, балаға зат сияқты қарау. Баланың рухани болмысы емес, бір мылқау-мақұлық сияқты қараған кезде балалардың өсе келе армансыз, ойсыз өсіп кететіні туралы айтылады. Ұстаздар тарапынан, ата-аналар тарапынан қандай қателіктер болатынын айтылады.
Шарада ұстаздар мен ата-аналар бала психологиясына қатысты пікірлерін ортаға салды. Лудомания, гаджетке тәуелділік, күйзеліс, өзіне сенімсіздік – бәрі де бүгінгі баланың жан дүниесін әлсірететін факторлар. Форумда осы мәселелерді шешудің жолдары ұсынылды.
Жадыра Амангелді, Қызылжар ауылының бастауыш сынып мұғалімі
Негізінде, мектепте жас болсам да 2 жылдық стажым бар. Қазір кішкентай балаларда телефомен проблемалар әрине бар. Кішкентай бастауыш сыныптардағы оқушыларда смартфонсыз жүрмейді. Яғни, қазіргі кезде ата-аналар өздерінің қолы босамаған кезде балаларына кішкентай кезінен бастап телефондарын беріп қояды. Сол себепті балалар кішкентай кезінен бастап үйреніп, тәуелділіктері пайда болады. Одан кейін ол смартфонда неше түрлі ойындар ойнайды, оның ішінде қорқынышты ойындар да бар. Одан бөлек оқушылардың жүйке жүйесі жұқара бастайды. Сол үшін оларда оқуға деген ниеттері болмайды.
Тәрбие – ата-ана мен мұғалімнің бірлескен жұмысы дейді форум қатысушылары.Балаға уақыт бөлу, оның ішкі жан дүниесіне үңілу – болашақ үшін жасалған маңызды қадам.
Сабина Жолдаспаева