«ERTIS» футбол клубы бірінші лиганың алғашқы турын жеңіспен бастады. Тартысты бәсекенің алғашқы таймы қос команда үшін күрделі болғанымен, жерлестеріміз екінші ойында қарсыластарын басып озды. Оларға қолдау көрсеткен жанкүйерлерде көп болды. Теңбіл топ тартысына арнамыздың түсірілім тобы да куә боп қайтты.

Маусымның алғашқы кездесуы «ERTIS» пен «Екібастұз» арасында өтті. Алғашқы минуттарда ақ жидедегілер бірнеше нәтижесіз шабуыл жасады. Илья Сотников қорғаған қақпаға гол кіргізу күрделі болды. Тек, 41 минутта Нұрлан Елемесов айласын асырып есеп ашты.

Ал екінші таймда «ERTIS» футбол клубы қатарынан 3 гол соқты. 48 минутта жартылай қорғаушы Мирам Кикбаев көзге түсіп нәтижелі соққы жасады. Артынша, Максим Федин нысанаға дөп тиді. Қорытынды голмен Арман Смаилов есепті жапты.

Айта кетейік, орталық аландағы алғашқы ойынға 6500 жанкүйер жиналған. 17 сәуір күні жерлестер «Ақтөбе-М» командасына қарсы тұрады.

Байтұрсын Жұмабай