Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асайын Байханов Ворлскиллис Қазақстан чемпионатының жүлдегерлерімен кездесті. Ағаш отырғызу жұмыстарын қатысып, «Қызылжар» құс фабрикасына ат басын бұрды. Толығырақ алдағы материалда.
Өңір басшысы алдымен Жаяу Мұса атындағы колледже болды. Техникалық бағытта білім алып жатқан студенттермен танысып, олардың жұмысына оң баға берді. Кейін аталмыш оқу орынында Уорлдскиллис Қазақстан чемпионатының жүлдегерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде өңір басшысы өз атына алғыс хат беріп, марапаттау рәсімін өткізді. Жүлдегерлер чемпионаттағы өз әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын да білдірді.
Айта кетейік, биыл қаңтар айынан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан ашылған жеке мұз айдынының арқасында енді хоккей және мәнерлеп сырғанау секциялары тиімді жұмыс істеуде. Кешен директоры Андрей Гороховтың айтуынша, қазір мұнда 150-ге жуық хоккейші жаттығып жүр.
Андрей Горохов, Ақсу қаласы мұз айдынының директоры
Мәнерлеп сырғанау секциясына іріктеу сәуір айында басталды. 200 үміткердің ішінен бар болғаны 35 бала таңдалып алынған. Бұған қызығушылық өте басым.Қазір жаттықтырушылар екі спорт түрі бойынша 720 оқушыны қамту мақсатын жоспарлап отыр. Алдағы уақытта жаңа үйірмелер ашып, балалрдың қызығушылығын арттыру үшін барлық сапалы жағдай жасайтын боламыз.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Құрметті жас хоккейшілер, мен сендерге тек үлкен жетістіктер, жарқын жеңістер тілеймін. Спорт бұл қиын жол. Күш-жігерді, мол еңбекті талап етеді. Сондықтан тек сәттілік тілеймін.
Өңір басшысы мәнерлеп сырғанау секциясына қатысатын балалармен бірге мұз айдыны маңында жасыл желектер отырғызды. Кейін жұмыс сапары Ақсу қаласының ауылдық аймағында орналасқан «Қызылжар-Құс KZ» ЖШС-де жалғасты. Қазір құс фабрикасы жекеменшік иелігіне өткен, жергілікті нарыққа өнімдер енді шығарылмақ.
Айдар Нигметов, «Қызылжар-құс KZ» ЖШС директоры
Қазір нарыққа бірден шығып кете алмаймыз. Өйткені, барлық стандарттарға сай болу үшін барлығын дұрыс қарауға тиістіміз. Кейін тиісті сертификатты аламыз. Өңір басшысы өз сөзінде қазір нарықта сұраныс жоғары екендігін бас айтты. Сондықтан сату бөлімі ашылған соң бәсекеге түсіп, сапалы өнім сататын боламыз. Осы мақсатта қазір жұмыс атқарып келеміз.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
«Қызылжар құс фабрикасы-KZ» фабрикасының жұмысы жанданып келеді. Инвестордың өз алдына қойған мнідеттері көп, ол сапалы тауар сатып алумен айналысады. Ал, фабриканың қызметкерлері үшін жақсы жалақы болу керек. Бұл үшін кәсіпорын үлкен табыс әкелуі керек, сондықтан атқарар жұмыс көп сіздерде.
Осылайша өңір әкімі Ақсу қаласында атқарылып жатқан ілкімді жұмыстармен танысып, сала мамандарына бірқатар міндеттемелер тапсырды.
Қымбат Садық