Аймақ басшысы Ақсу қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда бірнеше нысанды аралады. Бұдан кейін жылыту маусымының қорытындылары және басқа да өзекті нысандарға барып қайтты. Толығырақ тілші тарқатады.
Өңір басшысы әуелі Ақсу қаласында өткен жылыту маусымы жайында ұйымдастырылған алқалы жиынға қатысты. Биылғы қыс Ақсу тұрғындары үшін оңай болған жоқ. Бірнеше рет аудандық жылу беру торабынан ақау шығып, үйлерде жылу беру қысымы төмендеген. Зақым уақытында жөнделді. Айта кетейік, Ақсу шаһарының желілері 75 пайызға тозған. Модернизацияны талап етеді. Қазір үш қазандыққа жөндеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Бұл — қала үшін толыққанды түрде алғаш рет жүзеге асып отырған жаңа тәжірибе. Тұрғындарға түсіндіру қажет: егер гидравликалық сынақтар сапасыз жүргізілсе, қыста апаттардың саны артуы мүмкін. Әрине, қажетті ресурстар бар. Бұған дейін Павлодар мен Екібастұз қалаларында да бастапқыда бес ай бойы ыстық су болмайды деп ескерткенбіз. Алайда, іс жүзінде бұл мерзім үш айға дейін қысқарды.
Бұдан бөлек, сәуірдің 16-сі мен 17 сі күндері гидравликалық сынақ жүргізіледі. Бұдан кейін 1 маусымда басталып, 31 шілдеге дейін жалғасады. Яғни екі айдың ішінде анықталған зақымдар толық жойылу керек.
Болатбек Шәріпов, Ақсу қаласының әкімі
Ақсу қаласында жылыту маусымы 16 қыркүйекте басталды. Осы уақыт аралығында 103 ақау анықталып, тұрғындардан 234 шағым түсті. Гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Бұған дейін бұл тексеріс толық көлемде өткізілмеген еді. Енді екі кезеңге бөлініп ұйымдастырылады.Бірінші кезеңде 1 шағын ауданынан бастап - 14 және 15 шағын аудандарындағы құбырлардың беріктігі тексеріледі. Бұл аймақта 147 көпқабатты үй, 357 жеке тұрғын үй және 20 әлеуметтік нысан бар.Екінші кезеңде 7, 7а, 9, 10, 11 және 12 шағын аудандардағы желілер сыналады. Бұл аймақты 96 көпқабатты үй, 240 жеке тұрғын үй және 17 әлеуметтік нысан қамтиды.Сынақтар 21 сәуірде басталады.
Мұнан кейін су тазарту құрылыстары цехының электрмен жабдықтау желісінің қайта жаңғырту барысы таныстырылды. Сенімді су жеткізуді қамтамасыз ететін резервтік электр беру желісі өткен жылдың қараша айында 6,3 шақырымға созылып тартылған..
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Өткен жылы қалада сумен жабдықтау жүйесінде екі рет ақау шықты. Бұл бір қуат көзі өшірілген кезде сорғылар қайта іске қосуды қажет ететіндігіне байланысты болды. Павлодарда да осыған ұқсас жағдай болды. Сондықтан өткен жазда осындай екі жағдайдан кейін мен Ақсуға келіп, резервтік электр беру желісін немесе сорғы станциясы үшін резервтік қуат салу бойынша объектілік сипаттағы төтенше режимін қабылдадық. Резервтік желі жұмысын тексергеннен кейін кез келген ажырату кезінде екінші резервтік желі автоматты түрде қосылуы керек. Неліктен Ақсуда қаласында сумен қамтамасыз ететін сорғы станциясының бір қуат көзі ғана болғаны түсініксіз, бірақ инфрақұрылымдық мәселелердің бірі іс жүзінде шешілді.
Жоба құны – 256 миллион теңге . Өңір басшысы бүкіл қала пайдаланып отырған су сорғыш станция өте маңызды жоба екенін айтты. Барлық жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауды тапсырды.
Салтанат Бауыржанқызы