«Нурикамал» әнінің тарихын білмейтін жан жоқ шығар. Осы әнінің желісімен, шынайы оқиғаға негізделген қойылымды Астаналық «NAZAR» театры сахналады. Бұған қоса, балаларға арналған қойылым да ұсынылды. Толығырақ тілші әңгімелейді.
Кәсіби жас мамандардан құрылған «NAZAR» театры гастрольдік сапармен еліміздің әр қалаларын аралап, қойылым ұсынып жүр. Мәселен, Павлодарда 1000-ға жуық бала «Қырсық пен көжек» қойылымын тамашалауға мүмкіндік алды. Құрылғанына екі жыл уақыт болса да актерлық құрам көрерменнің көңілінен шығып, премьера ұсыныпта үлгерді. Театрдың негізін қалаушы – Сәбит Әбдіхалықов.
Сәбит Әбдіхалықов, «Nazar» театрының негізін салушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Негізі бұл болған оқиға ізімен, ешкім ойдан құрастырған дүние емес. Бұл спектакльді қойып бастағанда мен айтып едім: «бұл Голливудта бұл оқиға болса, мың кино түсіретін» еді деп. Сол сияқты бұл өмірде бола бермейтін дүние күйеуі ғашық болып қызға, оған әйелі сөз жазып беру деген бұл әлемде емес, адамзатта болмаған, сол адамзатта болмаған нәрсені көрсеткім келді.
Бүгінде ел арасына танылған "Нурикамал" әнінің шығу тарихы қызық. Әннің сөзін жазған - Ханбибі Есенқарақызы, ал ән авторы - Тұрдықылыш Ізтаев. Олар ерлі-зайыпты жандар. Сазгердің Нурикамал есімді қызға ғашық болуынан туған екен. Ән 1988 жылы жарық көрген, ол кезде отбасының үш баласы болған. Қойылым дәл осы шынайы оқиға желісінде өрбиді, басты рөлді ойнаған актер бұған дейін өңіріміздегі жергілікті театрда біраз жылдар жұмыс істеген.
Нұржан Әбіласан, «Nazar» театрының әртісі
Иә мен 2019-2023 жылдар аралығында 4 маусым қарашаңырақ Аймауытов театрында қызмет жасадым. Әзілдеп айтақанда «төркініңе келіп, есіп беріп жатырған сияқты» болып тұрмын. Қатты қобалжып, қуанып келдім, сахнасын, Ертіс-Баян көрермендерін сағынып келдім деп айтсақ болады Өйткені екінші туған жерім, оқу бітіре салып Алматыдан осы жаққа тәжірибе алмасу мақсатында келген болатынмын.
Жан тебірентер әуезді әннің күллі халықтың көкейіне ұялауында не құдірет бар?! Сыр-сымбатымен композитордың жүрегін дір еткізіп, есімі әнге айналған Нурикамал Сейтжанова мәдениет саласында қажырлы еңбек еткен дара тұлға екенін көрерменнің бірі білсе, бірі білмес. Осынау сазы мен сөзі үндескен табиғаты бөлек әннің шығу тарихын театр ұжымы әсерлі, әрі ерекше етіп көрсете алды.
Дариға Зарқын, «Nazar» театрының әртісі
Ханбибі апайдың өзімен отырып, талай әңгімелескенбіз. Спектакль шықпай жатып, ол кісінің алдынан өткен болатынбыз. Осы спектакльдегі Сайлаукүл әпкенің өзі бізге келіп, қарап кеткен болатын. Сондықтан спектакльдің қызығы біздегі шынайылықта сияқты. Бір қызығы спектакль мен киноның айырмашылығы өте үлкен біздің көзқарасымыз бойынша. Бірақ осы Нурикамалдың монологында айтылатын тексттар өзіме де жақын, ішімнен шығатын болғандықтан өзіме де ыңғайлы болып сезіледі.
Айта кетейік, спектакль айрықша леппен, аншлагпен өтті. Оны көруге келген көрермендердің де қарасы қалың болды. «Әннің де естісі бар, есері бар» дегендей Нурикамал қойылымы мен әні – қазақ қызына, қазақ өнеріне қойылған ескерткіш, ғажап туынды дер едік.
Қымбат Садық