Өңірде қылмыс саны азайды. Алайда, жол ережесін бұзып, әкімшілік жауапкершілік арқалаған азаматтар саны артты. Көрсеткіш 88 пайызға өсіп отыр. Бұл жөнінде брифинг барысында жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары баян етті.

Өңірде қылмыс деңгейі төмендеді. Бұл құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында орындалған амал- шаралар арқасында дейді сақшылар. Жыл басында қосымша орнатылған камералар да сеп. Жедел басқару орталығымен қоса, кезекшілік көліктерге жалғанған құрылғылар қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.

Руфат Кенжин, Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңірде қабылданған ұйымдастырушылық-профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмысты жалпы тіркелуі 3,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 22,6%-ға және көшелерде 23,7%-ға тұрақты төмендеуі байқалады. Қоғамдық орындарда және көшелерде қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында бейнебақылау жүйесі тағы 117 бірлікке ұлғайтылды.

Өңірде тіркелген жол-көлік оқиғаларына жүргізушілердің жылдамдық режимін асыруы және жаяу жүргіншілердің ережені бұзуы себеп болған. Төрт түліктің иесіз жайылып жүруінен де қайғылы оқиғалар орын алады. Тек биыл ауыл шаруашылығы ережелерін 181 азамат бұзған. Олардың барлығы жауапкершілікке тартылды.

Руфат Кенжин, Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары

За текущий период зарегистрирован рост ДТП... Облыс аумағында жол көлік оқиғалар саны артты. 88,7% - ға өскен. Апаттың жоғары себептерінің ішінде адами фактор басым. Яғни көшелер мен жолдардағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртібінің төмен мәдениеті, жол ережелерін саналы түрде бұзады. Айта кетейік, биыл өңірде жол қауіпсіздігі ережесін 42 мыңнан астам адам бұзған. 555 млн. 424 мың теңге сомасына айыппұл салынды. Сот 243 жүргізушіні көлік жүргізу құқығынан айырды.

Сондай-ақ 5 сәуірден бастан елімізде мопедтерді тіркеу басталды. Өңірде бұл көлік құралының 1473-і бар. Уақытында құжаттаудан өткізбеген қожайындар айыппұл арқалайды.

Әйгерім Тоқпанқызы