Павлодарлық жас полицейлер этномедиация сабағынан өтуде. Онда құқықтық тәртіп аясында этносаралық жанжалдарды шешу тәсілдері мен жолдары айтылды. Тілшіміз тарқатады.
Еліміз этносаралық бірлікті сақтай білген аз ғана мемлекеттердің бірі. Әлем елдері Қазақстанның осынау жетістігіне таңданып та жатады. Бұл үрдіс одан әрмен де жалғасуы, жылдардан жылдарға ұласуы керек. Сондықтан, Полицияның жас қызметкерлеріне этносаралық мәселерді шешудің, болдырмаудың мүмкіндіктері мен құқықтық негіздері түсіндірілді.
Шара Ассамблея мен Полиция департаментінің оқу орталығы арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылуда. Осылайша құқық қорғау қызметкерлерінің этносаралық жанжалды шешудегі біліктіліктері артады деп күтілуде.
Жанасыл Серікбол