Аппарат кеңесінде бірнеше маңызды сұрақ қарастырылды. Алдымен өңірдің әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері пысықталды. Кейін бюджеттік кірістер бойынша баяндама оқылды. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.
Алғашқы тоқсанда өңір бойынша барлық базалық макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Республикада облыс 5-ші позицияда. Жалпы есеп беру кезеңінде аймақта 952 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнімдер шығарылды. Қайта өңдеу саласында 8 пайызға өсім бар.
Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Өңір экономикасына 143 млрд теңге инвестиция тартылды. Екі ай бойы жоспардан сәл кешігу болды, қазір 100 пайыздық деңгейге жеттік. Ауыл шаруашылығы саласында валдық өнім 5 пайызға өсті. Көбінесе мал шаруашылығы өнімінің өсуімен байланысты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 33 млн теңгені құрап, отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге өскен. 54 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Ішкі сауда 22 пайызға артты. Барлық индикаторлар бойы оң динамика Екібастұзда байқалған.
Ақсу мен Аққулы ауданында инвестиция тарту жұмыстарының бәсеңдеп қалғаны анықталды. Бұл жұмыстар баяу жүріп жатыр деді, аймақ басшысы.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Алдын ала жоспарлап осы көрсеткіштерді бір жыл немесе жарты жыл бұрын жеткізілді, белгіленді. Басты міндеттердің бірі. Сондықтан келесі айда орындалады, екі айдан кейін сұраққа қайтып келмейік, Жалпы бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр.
Сонымен, 2025 жылдың 1 сәуіріне облыс бюджетінің кірістері 97,6 млрд теңге жоспарланып, 102,2 млрд теңге көлеміне түсті.Тек 25 пайызы орындалды, деді қаржы басқармасының басшысы.
Жеңіс Шақатов, Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы
Негізі атқарулар 0,9 пайыз жеке табыс салығы, КТС 0,9 млрд теңге қалыптасты. Кірістер бойынша жоспар барлық өңірлерде атқарылды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің 11 млрд теңге немесе 112 пайыз.
Қазір өңірде 294, 6 млн теңге игерілмеді. Оның ішінде 172,5 млн теңге Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты, 46,8 млн теңге білім беру басқармасына және 20,7 млн теңге кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасына қарасты. Осы сұрақтар бойынша облыс әкімі Асайын Байханов бірнеше тапсырма берді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Қалалар мен аудандар әкімдері оң динамиканы қамтамасыз етсін. Қаражатты толық игерсін. Қосымша түсімдерді іздесін.
Сонымен қатар аппарат кеңесінде халықты жұмыспен қамту сұрағы да қарастырылды.
Самал Қадырова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының М.А.
Ағымдағы жылы 25500 жұмыс орнын құру жсоапланып отыр. Тұрақты жұмыс орнына 18,8 пайыз. Бағыттар бойынша алатын болсақ 154 инфрақұрылымдық жоба 1273, бос орындарға орналастыру 9958 адам, 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны бастамасы 7435 адам жұмысқа орналастур жоспарлапы отыр. 400 АЕК 406 грант беріледі. 322 жұмыс орны құрылу жоспарлануда.
Жыл басынан аталмыш бағыттар бойынша 5671 адам екі қолға бір күрек тапты. Инфрақұрылымдық жоспар аясында 35 жобаны іске асыру басталды. 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны бастамасы аясында 487 адам жұмысқа орналасты. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмен. Бірақ тәжірибе бойынша, бұл бағыттың 60-65 пайызы екінші жартыжылдықта жүзеге асады екен. Осы ретте аймақ басшысы 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны бастамасының Мемлекет басшысының берген тапсырмасы екені тағы бір мәрте еске салды. Жоба жүзеге аспаса, қатаң жауап болатынын еске салды.
Самал Қалиқызы