Аппарат кеңесінде пысықталған екінші сұрақ – Мамыр мерекелерінің атап өтілуі. Биыл 9 мамырда біраздан бері рұқсат етілмеген отшашу ұйымдастырылады. Толығырақ келесі сюжетте.
Мамыр айының алғашқы мекерелері Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында өтеді. 26 сәуір мен 1 мамыр аралығында әлеуметтік желілерде «Қазақстан біздің Ортақ үйіміз» челленжі қолға алынбақ. Бірлік күні қарсаңында жалпы өңірде 70-тен астам түрлі деңгейдегі шара өтеді деп жоспарланып отыр
Әлнұр Сейдуманов, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы
Мамырда республикалық облыстық «Бірлік жарасын» өткізу жоспарланған. Облыстық жарыс 09.00-де Ертіс шаңғы базасында басталады. Оған 500-ден астам қатысады деп жоспарлануда. Орталық жағалауда мерекелік шеру ұйымдастырылады. Қалалар мен аудандар делегациялары қатысады.
5-7 мамыр аралығында «Жеңіс лентасы» таратылады. Осылайша 30 сәуір 15 мамыр аралығында Отанқорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығы аясында 200-ден астам іс-шара өткізілмек.
Әлнұр Сейдуманов, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы
Мамыр 11.00-де Отанқорғаушылар күніне орай Пременад алаңында лэд-экраннан Астанадағы шеру көрсетіледі. Патриоттық ерлік сабақтары өтеді. Патриоттық фильмдерді жаппай көрсету ұйымдастырылады.
Ал, 9 мамыр күні сағат 11.00-де Даңқ алаңында гүл шоқтары қойылады. Мереке аясында ардагерлер мен тың еңбеккерлеріне «Жеңістің 80 жылдығы» медальдары табысталып, майдангерлерге материалдық көмек ұсынылады. Сонымен қатар, «Батырларға тағзым» республикалық бірыңғай ақпараттық платформасы іске қосылды. Онда ардагерлердің ұрпақтары ата бабалары туралы ақпаратты орналастыра алады. Бұл күндері өңірде 2000-нан астам мерекелік іс шара жоспарланып отыр.
Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы
«Шаңырақ орталығы мен Батыр мол» сауда үйі меркелік концерт ұйымдастырылады. Театрда қойылымдар қойылады. Павлодар қаласының Променад сахнасында шеру, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Арнайы келген қонақ Нұрболат Абдуллин өзінің өнерін көрсетеді.
9 мамыр Жеңіс күніне орай облыста 1000-ға жуық шара ұйымдастырылады деп күтілуде. Жылдағыдай көрме, фестиваль, концерттер биыл да болады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Ақпараттық және қоғамдық даму басқармасы барлық іс шараларды БАҚ-та жарияласын. Білім, мәдениет, спорт басқарламалары іс шараларды өткізсін. Полиция департаменті құқықтәртіпті сақтауды бақылауға алсын.
Сонымен қатар, биыл Жеңіс күні Павлодарда отшашу болады.
Самал Қалиқызы