Павлодарлық өнер ұжымы халықаралық вокалды-хор фестивалінде өнер көрсетті. Қазақстанның әр өңірінен және шетелден жиналған мәдени шарада жерлестеріміз тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Сазды әуен мен шеберлік тоғысқан сахнада павлодарлықтардың өнері ерекше әсер қалдырды.

Ауқымды әрі әсерлі өткен «ULY DALA ÚNI» халықаралық вокалды-хор фестивалінде Қазақстан мен шет ел композиторларының шығармалары орындалды. Бұл айтулы шараға Павлодар облысының өнерпаздары «Samyan» тобы қатысып, көрерменнің ерекше ықыласына ие болды.

Мақсат Нышанбаев, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның әртісіФестиваль өте тамаша өтті. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған. Тамаша барып келдік. Бізді Павлодардан келіп жатыр деп әдемі қарсы алды. Алматының енді табиғаты да бөлек. Ауа райы да қолайлы болды біз үшін. Онда үш произведение шырқадық.

Фестиваль аясында павлодарлықтар Нұрғиса Тілендиевтің жүрек тербер «Сағындым ғой» әнін орындап, тыңдарманды тебірентті. Шараға қатысушылар бұл кездесуді өнер арқылы үндескен рухани диалог, тәжірибе алмасудың таптырмас мүмкіндігі деп бағалады.

Мадина Нургожинова, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы камералық хорының көркемдік жетекшісі

И мы решили что обязательно поедем примим участие.... Бұл фестиваль жайлы естіген сәттен-ақ, қатысуға ниет таныттық. Бұл – өзімізді танытып қана қоймай, өзге ұжымдармен тәжірибе бөлісудің ерекше мүмкіндігі болды. Осындай ауқымды шығармашылық басқосулар жаңа серпін беріп, шабыт сыйлайды.

Айта кетейік, «Samyan» ұжымы бес мүшеден құралған топ. Қатысушылар өнерлерін жанды дауыста музыкалық сүйемелдеусіз жеткізіп ерекшеленеді.

Байтұрсын Жұмабай