Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті курсанттармен кездесу өткізді. Оларға «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткен шара зор маңызға ие болды. Толығырақ алдағы материалда.
Еліміздің әрбір азаматында әділдік пен адалдыққа негізделген қоғамда өмір сүру құқығы бар. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұдайы жалғасып келеді. Бұл үдерісте жастардың рөлі зор. Себебі олар елдің болашағын құрайтын азаматтар. Осыған байланысты, ҚР ІІМ оқу орталығының курсанттарымен кездесу өтті. Болашақ заңгерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция департаменті қызметкерлері парақорлыққа қарсы ойларын ортаға салып, кеңестерін айтты.
Данияр Каукен, Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті превенция басқармасы басшысы
Бұл шара жас ұрпақтың мемлекеттік органдардың қызметіне түсіністікпен қарап, жемқорлыққа қарсы жағдайлар орын алғанда шұғыл әрекет ету мақсатын түсіндіру үшін ұйымдастырылды. Кездесуге курсанттар қатысып отыр. Мұндай кездесуді жоғары оқу орындарында белсенді түрде өткізіп тұруға тырысамыз. Мәселен, биыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы. Алдағы уақытта колледж жастарымен жүздесеміз деген жоспар бар. Себебі, мұнда ірі кәсіпорындарда, өндірісте жұмыс істейтін болашақ мамандар білім алады.
Қатысушылар атап өткен мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлықтың тек жеке адамдарға емес, бүкіл қоғамға залал келтіретіні. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлер мен шенеуніктердің, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды пайдаланатын азаматтардың адал жұмыс істемеуі қоғамның моральдық негіздерін бұзады.
Нұргүл Қайырденова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сарапшы
Біз әрбір салада мониторинг жүргіздік. Мысалы білім беру,құрылыс салалары бар. Сонда анықтағанымыз бізде ешбір салада сыбайлас жемқорлық нышандары жоқ, құқықбұзушылық жоқ деген бірде-бір саланы анықтай алмадық. Барлық салада рейсктар дейміз ғой, тәуекелдер анықталды. Сондықтан сол органдарга тиісті хаттама жіберіп, заң жүзінде қандай өзгерістер енгізу керек деген ұсыныстарымызды мониторингтің қорытындысы арқылы жасаймыз. Курсанттарға бұл жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалай қалыптастыру керек, болашақта ажал қызмет жасап, шешім қабылдар алдында әділ болып, таразының екі жағында қандай екі нәрсе болса да заң аясында әділ шешім қабылдау керек.
«Заң мен тәртіп» қағидасына негізделген кездесу ерекше маңызға ие болды. «Әділ жол» тақырыбында болашақ құқық қорғау саласында қызмет атқаратын мамандарға да пайдалы болды. Кездесу соңында курсанттар сұрақ қойып, ұсыныс-пікірлерін айтуға мүмкіндік алды.
Қымбат Садық