Биыл жазушы, жерлесіміз, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Рамазан Тоқтаровтың туғанына 90 жыл. Осыған орай Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен «Ертіс перзенті» атты әдеби-танымдық конференция өтті.

Рамазан Тоқтаров алпысыншы жылдықтар атанған үлкен буынның ірі өкілі. Роман жанрында қалам тартқан қарымы бөлек жазушылардың бірі. Артында қалған том-том еңбегі бүгінде тоқтаровтанушылардың негізгі нысанына айналып та үлгерді. Жиынға жазушының туған туыстары да қатысты.

Жаңыл Тоқтарова, Рамазан Тоқтаровтың қарындасы

Өте қонақжай кісі болатын. Үйіне барсаң әрқашан да жазумен отырды. Машинкамен тарсылатып отырғанының өзі ән сияқты болатын. Бізді қарсы алады. Сосын тамақ ішеді де жазуға кетеді. Сосын қайтадан келеді. Сосын бір ой келе ме қайтадан кетеді. Қай кісі келсе өзіне қаратып әңгімелескенде әлгі кісімен бірге ұйып тыңдайтынбыз. Сондай бір керемет адам.

Шығармашылық әлеуетімен қатар кісілік келбетін қатар алып жүрген қалам иесінің сыйластары да, сырластары да өзінің мұраттас жазушы достары болыпты. Халық жадында қарапйымдылығымен қалған.

Қаһарман Зағыт, Рамазан Тоқтаровтың күйеу баласы

Абай атамыздың 150 жылдығы болып. Аудан әкімі бармайтын болып, орынбасары барды. Сол жерді қайынағамды іздеймін ғой. Келе жатсам Ақселеу Сейдімбек, Қалихан бәрі келе жатыр. Мен Рамазан Тоқтаровтың күйеубаласымын дедім. Қалихан: - Әй, сол Бөгенбайдың тұқымын өзім де іздеп жүрмін. Аш жүрмін. Соның қасында жүрсем тоқ жүруші едім, - деді. Әрмен қарай іздесем, алдымда келе жатыр. - Ой, қайынаға Павлодарға қайтам жүріңіз! -дедім. - Ой, мен автобуспен барам. - дейді. Қарапйымдылығы ғой.

Шара аясында жазушы жайлы естеліктер молынан айтылып, баяндамалар жасалды.

Жанасыл Серікбол