Жастар бастамаларын дамыту орталығында алғашқы рет Дүниежүзілік креатив күніне арналған шара ұйымдастырылды. Бұл шара жастарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге, шығармашылықтарын шыңдауға және болашаққа деген сенімдерін арттыруға жол ашуды көздейді. Басқосуға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Бұл күннің маңыздылығы жайлы келесі сюжеттен көрейік.
Шара әлеуметтік желіде жұмыс істеуді үйрететін шеберлік сабағынан басталды. Алаңда түрлі ойындар ойнатылып, көңілді атмосфера құрылды. Жас суретшілердің туындылары қойылған көрме өтті. Онда дарынды жастардың қиялынан туған түрлі жанрдағы шығармалары ұсынылды.
Әйгерім Кинжалина, креативті жастармен жұмыс істеу орталығының инспекторы
Бұл біздің қаламызда бұрын соңды болмаған шара. Яғни, үлкен, ауқымды шараларлдың бірі. Бірінші рет біздің қаламызда өткізіліп жаты. Осы шара біздің орталығымыздың ішінде жәіне сыртында бірнеше алаң тұр. Яғни соның ішінді смм маманы шеберлік сабағын өткізді. Далада аниматорлар мен үстел ойындары тұр. Жалпы бұл шараның мақсаты осы жастарымыздың шығармашылығын дамыту, креативті ойлауын дамтыу. Жастар арасында маңыздылықты арттыру.
Жастарға арналған шеберлік сағаттар, ойындар мен заманауи технологиялар ұсынылды. Қатысушылар диджейлік өнермен танысып, өз тректерін жасап көрді. Граффити салуды үйреніп, өз жұмыстарын арнайы стендтерге бейнеледі. Ең қызығы, оқушылар роботтар мен дрондарды басқара алды.
Мөлдір Бегалинова, оқушы
Өте қызықты шара. Осындай креативті мерекелер жастарға үлкен қызығушылық тудырады. Қазіргі кезде смм өте керек мамандық. Жастардың көбісі осы сммге барады.
Бұл күн жас жастарға шабыт шуағын сеуіп, талант пен қиялдың қанатына еркін самғауға мүмкіндік берді. Өзіндік өрнегімен ерекшеленген әр жас тың серпін алып, шығармашылық әлеміне бір қадам жақындады.
Сабина Жолдаспаева