Ассаблея сессиясына өңірімізден бір топ делегация аттанды. Бүгін олар Астана қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 34-ші сессиясы «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында өтті. Елорда төріндегі айтулы жиында ел ынтымағын арттыру жолында тер төккен азаматтар Мемлекет басшысы қолынан марапат алды.

Ассамблея – тек этносаралық татулықтың ғана емес, рухани тұтастықтың да алтын көпірі. 30 жыл – тарих үшін қас-қағым сәт болар, бірақ ел үшін – үлкен белес. Осы уақыт ішінде Қазақстан түрлі қиындық пен жаңғыру жолынан өтті. Бүгін Астанада өткен Ассамблеяның 34-ші сессиясы – соның дәлелі. Бірлік пен татулық – тек сөзбен емес, іспен дәлелденетін құндылық. Осы орайда Ассамблея мүшелері де марапатсыз қалмады. Мәселен, ел анасы, «Нұр-Ана әлемі» ҚБ төрағасы Бақытжамал Максилова Президент қолынан «Парасат» орденін, ал жаста болса мол еңбек етіп жүрген Рамиль Смаилов «Шапағат» медалін иеленді.

Қымбат Садық