Бүгін қаладағы қарттар үйінде ерекше мейірім мен қуанышқа толы күн болды. "Жақсылық кішкентай жүректе" атты қайырымдылық акциясы аясында №31 сәбилер балабақшасының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қарттарға салтанатты шара ұйымдастырды.
"Жанашырлыққа – жан риза" демекші, мұндай шаралар қоғамның әлжуаз тобына қамқорлық көрсетудің тамаша үлгісі. Бүлдіршіндер әсем ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
ГҮЛМИРА ҚОЖАНОВА, №31 СӘБИЛЕР БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Қайырылымдылық жасасан қайырымен өзін көресін дегендей бүгін бала-бақша тәриешілерімен балалармен келіп ән айтып, сәлемдемізді табысап баталарын алып қайттық.
Тәрбиелік мәні зор акцияның мақсаты балаларды ерте жастан мейірімділікке, үлкендерді сыйлауға және ізгілікке баулу. Мұндай іс-шаралар балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, жүрегіне жылулық ұялатады.
ҚАЗБЕК ЖАНҒАЗИНОВ, ЗЕЙНЕТКЕР
Алтын деп айтуға да болады. Бәрі жақсы боды. Балапандар аман-болсын,аспандары ашық болсын,босағалары берік болсын.
Сондай-ақ, бүлдіршіндер өздері ала келген сәлем-сауқаттарын қарттарға үлестірді. Ізгілікке толы осындай шаралар ұрпақтар сабақтастығын бекемдеп, қарт жүректерге қуаныш сыйлайды.
Дильназ Куанышбекова