«Сапалы қызмет-сапалы мемлекет». Дәл осындай атаумен облыс орталығында форум өтті. Шараны Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалы ұйымдастырды. Толығырақ келесі сюжетте.
Форумға мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер, білім беру ұйымдары мен сарапшылар қатысты. Жиында халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мәселесі көтерілді. Шарада қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Идеялар мен тиімді шешімдер ұсынылды. Өйткені, Сапалы қызмет мемлекеттің негізі. Халыққа көрсетілетін әр қызметтің тиімділігі мен адалдығы ел дамуының басты көрсеткіші саналады.
Самал Жаргакова, ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры
Дәл осындай диалог алаңдар арқылы біз өз бағдарламаларымызды, мемлекеттік қызметшілерді оқытудағы курс семинарлардың тиімділігін, практикаға бағыттылығын арттырып, дамытамыз. Бұл шара жай ғана кездесу емес, баяндаалар жиынтығынан басқа ортақ мақсатқа жету жолында тәжірибе алмасатын, нақты мәселелерді бірге талқылайтын, шешім іздейтін алаң. Жалпы мемлекеттік қызмет билік пен халық арасындағы ең тікелей байланыс. Сондықтан оның ашықтығы, қолжетімділігі және сапасы баршамыздың күн тәртібіндегі мәселе.Біздің облыс үшін бұл форум алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Қатысушылар халыққа сапалы қызмет көрсетіп, цифрлық технологияларды қолдану диалог алаңында басты міндет екені аталып өтті. Форумда бірнеше маңызды тақырып талқыға түсті. Шара аясында пікірталастар мен шеберлік сабақтары көрсетілді.
Салтанат Наурызбаева, Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы
Өте керемет шара болды. Осы жерде өзіміздің қызметіміздегі ерекшеліктерімізбен бөлісіп, тәжірибе алмастық. Осы академияда оқып жатқан тыңдаушылар да қызмет бабында кездесетін сұрақтарын қойды. Осы сәтті пайдаланып біздің мемлекеттік органда жаңадан ашылып жатқан бөлім туралы сөз қозғадық. Біздің бағытымыздағы департаментте талдау, тәуекелдерді бағалау бөлімі ашылып жатыр. Сол жерлде тәжірибемізбен бөлісіп, жаңалығымызды айттық.
Форум – ашық диалог алаңына айналды. Шара мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру, қоғаммен байланыс орнатудың жаңа жолдарын іздеу мақсатында ұйымдастырылды.
Сабина Жолдаспаева